Сонет

Машинамды тоққа қосып жайменен,
сенбіде кір жууға кірістім.
Құбырлардың даусын естіп сөйлеген,
жанын сездім қиғаш келген бұрыштың.
Осы маған жеңіл болған шаруадан,
қиындығы қуантады жұмыстың.
Иірілген құбырлардай, байқасам,
ар жағында тағдыр жатыр бұл істің.
Өз-өзіме айтам кейде: Олег-ау,
бәрі мүмкін бұл өмірді шын ұққын,
жұмақ жайлы отын үрле үміттің.
Ғұмырыңда әрекет ет бір рет,
қиналғанда сені сынар күліп күн.
Бірақ соның бәрін аттап өтуге
болатынын жүрсең болды біліп шын.