Дүниенің бәрі оңай көрінген...
* * *
Дүниенің бәрі оңай көрінген,
бар болғаны жиырма жаста едім мен.
Мен ол кезде жасыратын несі бар,
бет қаратпас дүлей болдым елірген.
Гүл алатын ақшасы жоқ әйелге,
ақын болсам тұтқа болам қай елге?
Деген оймен ақындықтан бас тарттым,
ақын болғым келгеніммен әуелде.
Күзгі бақта қиял қумас күн-түні,
инженер боп шыға келдім бір күні.
Институттан диплом алдым қып-қызыл,
айхой, шіркін, студент боп үлгілі.
Паң қозғалған құдды мырза пішінде
отырдым мен мейрамхана ішінде,
шытырлаған ақша толы қалтасы,
скрипка тыңдап, папиросы тісінде.
Ақын болып жарытпадым мен солай,
ау, мырзалар, бұл қалай?
Деп едім мен отырғандар өзді-өзі
іше берді, жылай берді, тыңдамай.
Қыз-қырқынды құшып, сүйіп, қағытып,
ішіп жатыр естімегендей әлі түк.
Қатты-қатты шайқап қойып бастарын,
ауыр-ауыр боқтықтарын ағытып.
Дүниенің бәрі оңай көрінген,
бар болғаны жиырма жаста едім мен.
Мен ол кезде жасыратын несі бар,
бет қаратпас дүлей болдым елірген.
Гүл алатын ақшасы жоқ әйелге,
ақын болсам тұтқа болам қай елге?
Деген оймен ақындықтан бас тарттым,
ақын болғым келгеніммен әуелде.
Күзгі бақта қиял қумас күн-түні,
инженер боп шыға келдім бір күні.
Институттан диплом алдым қып-қызыл,
айхой, шіркін, студент боп үлгілі.
Паң қозғалған құдды мырза пішінде
отырдым мен мейрамхана ішінде,
шытырлаған ақша толы қалтасы,
скрипка тыңдап, папиросы тісінде.
Ақын болып жарытпадым мен солай,
ау, мырзалар, бұл қалай?
Деп едім мен отырғандар өзді-өзі
іше берді, жылай берді, тыңдамай.
Қыз-қырқынды құшып, сүйіп, қағытып,
ішіп жатыр естімегендей әлі түк.
Қатты-қатты шайқап қойып бастарын,
ауыр-ауыр боқтықтарын ағытып.





