Қайда кеттің, қайдасың...

* * *

Қайда кеттің, қайдасың...
Қоларбада нәресте тербетіліп, жұбанды,
көрші үйден табытты иыққа салып шығарды.
Шебер болса — қар, батпақ араласқан сіресіп,
алшы деп тұр суретін, көздерімен сұраулы.

Ұлы өнерді қашанда көтеремін төбеме,
іліп қоям кездескен ең бірінші шегеге.
Жақсы адамның қасынан кете алмайсың ешқайда,
құйғаннан соң қоюлап шәй толтырып көзеге.

Ұсынды ма біреу кеп темекісін желімдеп,
қымтап және көрпеңді, таңғы оятқыш безілдеп.
Саябақта оркестр дүрілтетсе, жүресің
ақ самайлы бейтаныс жандарды да «өзім» деп...

Қайда кеттің, қайдасың...
Қасиеті жоқ мүлде, іші қуыс — қорықпа:
қоларба да тоқтайды, көрге асылып табыт та.
Ит өмірге мойымай, әркім дара жүрсек те,
байлаулымыз бәріміз шынжырланған қалыпқа...