Сақта, сәулетайым, күйзелтер кезең келгенше...

* * *

                                                                              А. Р.

Сақта, сәулетайым, күйзелтер кезең келгенше
қараша таңдарын тоңдырған қарасуықты,
тұл жетім тулардың жасық жібегін... өңгенше,
жадау жаймаларын дертханалардың... уытты,

құшақтарды еріксіз қоштасар шақта шалықтар
һәм мәңгі келмес дүр пойыздардың дірілін...
Тасымай тұрғанда, толастап топан, алып қал
дұғамды... кебеже, йа, қара кеме... бірінің

орасан олжасын, белгісін біліп жүзбекке,
керең кіріспесін бейболым пенде халінің,
соңғы суықтардың сәл-кем сезілер, бізді өпкен
сүйкімді самалын, сүйінтер менің жарығым!