Соңғы элегия

         Quid mihi vobiscum est, infelix cura, libelli...
                      Ovid, Tristia, II, 1
         (Разве до вас мне сейчас, до стихов и книжек злосчастных?
                      Овидий. Шерлі элегиялар. II кітап, 1. З. Морозкинаның аудармасында)

Қош бол,менің бейшара кітаптарым!
Болған еді беттерің — шамшырағым.
Желге толған баяндай мен сендерді, түймелеріңмен
қалдырамын.
Аға, қарындастардай жетім жапырақ арасында,
Лета өзенінің жағасында,
менен барлығың адасасыңдар, қалың орманның саясында.

Ұмытуға керек қой уақыт деген,
жүзіп кетем басқа бір жағалауға.
Жүректі де матырам батып терең,
қайықтан да секіріп қара суға.
Сендердің жақын, туыс жандарыңды,
ешқашан қарғамадым, қорламадым.
Кітаптарым, сендерді жазғам жоқ деп,
айтпағаным ешқашан ол да мәлім.

Ех,солай кітаптарым, мұңаймаңдар,
көп ойламай мені енді ұмытыңдар.
Тоғайдарда қалтыраған жапырақтарды,
ішіндегі жырлармен жылытыңдар.
Қыс та түсер далаға көп ұзамай,
қоян,түлкі таптайды сан жүріп те.
Ақ көрпеге оранып, еш алаңсыз,
тәтті ұйқыға батыңдар мәңгілікке.