Жаhандық емеспіз, біздерге аймақ та жетеді...

* * *

                                                        Т. Кибировке

Жаhандық емеспіз, біздерге аймақ та жетеді,
мекенім...өлшемі — ано-оу бір қайыңның етегі.
Бірінен біріне сөзіміз қабысып,
сықырлап сары аяз кенеттен жетеді.

Сайрауық құсымын саздауыт жерімнің,
жазбастан танимын әр талын шөбімнің.
Кездескен кезбеге — «көгілдір Дунайға,
ұза-ақ» деп айтар ем «көлемі жолыңның».

Жол тартсаң Тибрға, Сенаға,
жүгіңді қараусыз қалдырма далада.
Бұл жақта мұжықтар — бұзықтар,
әйелдер бос шелек арқалап жүреді арада.

Дунай мен Тибрдың суына барғайсың,
сібірлік біздердің сөзді ойға алғайсың.
...Біздегі балыққа арналған ойықтан,
Дунайдың қызғалдақ гүлдерін аулайсың.