Деміне жылынбай, суына бастадым...
* * *
Деміне жылынбай, суына бастадым
Болаттай ғасырдың қолында.
Сальери еншісін сақтадым
Немқұрайлығынан басқаның.
Сонан соң аса аппақ жіппенен
Бекітіп гүлтәжді жоғалған,
Есіме аламын күтпеген
Күнәсіз нотаны тоналған.
Ал олар алаңға шашылған,
Аралар гүлдерден табады.
Кешқұрым құлақ сап тыңдасаң,
Сиқырлы әніне салады.
Бекеттер қаңырап қалады,
Тамбурдан бір ұят табады.
Беттерді парақтап ескірген,
Күн кешпен жылатпай сананы.
Таңменен төгілтіп көз жасын,
Алыстан көрісіп менімен.
Жұтады дүңгіршек сырасын
Сол бүкір Сальери ебімен.
Деміне жылынбай, суына бастадым
Болаттай ғасырдың қолында.
Сальери еншісін сақтадым
Немқұрайлығынан басқаның.
Сонан соң аса аппақ жіппенен
Бекітіп гүлтәжді жоғалған,
Есіме аламын күтпеген
Күнәсіз нотаны тоналған.
Ал олар алаңға шашылған,
Аралар гүлдерден табады.
Кешқұрым құлақ сап тыңдасаң,
Сиқырлы әніне салады.
Бекеттер қаңырап қалады,
Тамбурдан бір ұят табады.
Беттерді парақтап ескірген,
Күн кешпен жылатпай сананы.
Таңменен төгілтіп көз жасын,
Алыстан көрісіп менімен.
Жұтады дүңгіршек сырасын
Сол бүкір Сальери ебімен.





