«Он екі кездесу (1949—1990)» топтамасынан
Қырық тоғызыншы жыл
Егер де сенің ауырса жаның,
Теңізге барсаң болады, әне,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғанда және.
Егер де сенің ауырса жаның,
Жаралы жүрек болса да тоңған.
Теңізге жатшы, су құшып тәнің,
Жараның қалмас ізі де сонда.
Түсінгенің жөн сонда да мәнін,
Мұқият істе бұл істі, қане,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Сонда жап-жасыл ағаштар, міне,
Көк түтінге тағы оранған кезде.
Көкшіл сағым боп көкжиек түге,
Ағаштар сонда көрінер көзге.
Таңырқап қалма, себебі, сосын
Ақ жал толқыннан алапат күшті,
Бір ару шықса жағаға тосын,
Сенің жаныңа отыру үшін.
Жер тумасындай тулаған қаны,
Ертегілер мен аңыздан күшті,
Саған қарап, айтса, егер: «Жаным,
Мен келмедім ғой уәдең үшін,
Сөзің де қажет болмайды маған,
Көретін көзге сөз деген ауыр,
Ойыңды білем, қарасам саған,
Жалынды көзден оқимын тәуір».
Сонда жәндіктер үнсіз қалады,
Толқын да кері қайтады ағып,
Жаныңда, жақын жерде жанағы,
Үлбір ерінді көресің тағы.
Түсінгенің жөн сонда да мәнін,
Мұқият істе бұл істі, қане,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Мейлі, достарың мазақ қып күлсін,
Мейлі, қияли дейтін де шығар,
Түс көрген адам бұдан да бетер,
Жағдайға тап болар деп ұғар.
Күле де берсін, мейлі, сенбесін,
Біреудің ойы бұлай төнбесін.
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Елу үшінші жыл
Жабылып есік қалғанша
Үлгердім шығып тағы да.
Жаныңа жылдам барғанша,
Бермедім тыным жаныма.
Ынтықтырады бұл кеуде —
Өзіңді ғана сағынар.
Кетемін озып түннен де
Жетсем деп сәтке жолығар.
«Асықпа, — дейді, — қарғам-ау»
Сыбырлаған бұл түн еді.
Түсіпті екі із қарға анау:
Бірі үлкен, кіші біреуі.
Қалдырған едік мұны біз
Мәскеудің аппақ қарына.
Содан соң мөлтек сырымыз
Айналды сағыныштарыма.
Жоғалды қайғы, шаттық та,
Қол ұстасқанда екеуміз.
Біз ғана бара жаттық та
Түспеген қарда бөтен із.
«Иә» десең, жанға күш берер...
Қар жауды жауһар жыр сынды.
Әнекей — ізің кішкене,
Үлкен із оған ұмсынды.
Келеміз үнсіз, сондағы
Дыбысы қардың естілді.
Біздерге дейін жолға бұл
Түспеген ізі ешкімнің.
Тарс етіп есік жабылған
Бәсеңсіп, тынды дыбысы.
Асығам тербеп жанымды ән,
Тез кездесуге тырысып.
Тоқтатпады түн кеңесті,
Тоқтады ақ қардың көші.
Ізіміз ақыр теңесті:
Бір үлкен және бір кіші.
Елу бесінші жыл
Қара баспалдақ шұңқырында
Алдыңғы бұрышта
Сен мені сүйіп алмасын деп
Үй елесі сонша тырысып еді.
Ит сияқты ұлып
Қадамдарды дауыстап санап,
Мерзляковский қиылысында
Барлық подъезді жауып еді.
Ол әрқашан бізге
Оңбағандықтың сан түрін жасауға дайын еді:
Мысықтарды,
Шұбар бет үй тазалаушы әйелді де
Бізге қарсы айтақтайтын еді.
Үй елесімен достасқан, шайтан
Балаларды да
Дереу шамды өшіріп,
Сені өлгенше қорқытуға
Үйретіп қойып еді.
Біз қол ұстасып тұрамыз,
Бетімізді бетімізге тақап,
Ол шатырда шулай бастайды
Түні бойы ұйқыға жол бермей.
Қымбатты, баяғы үй елесі,
Қазір айналысар ештеңем жоқ...
Бүгін алдыңғы бұрышта
Кездесуге асықпын мен.
Алыста қалған сол жылдардағыдай
Қара баспалдақ шұңқырына
Тістелген сіріңкенің шырпысын
Әдетіме салып түсіріп алып.
Шатырдан жауап күтемін,
Елең етіп, тың тыңдап, —
Не шал жоқ,
Не бір минутқа тысқа шығып кеткен болар.
Алпыс сегізінші жыл
Сатурналия мерекесі күнінде авторға сыйлық
жасаған Клодияға
Сол күндері мен Катулл
Сен Лесбия болған кезде
Бір-бірімізге о, шіркін, қалай ынтызар болып едік,
Жылы кездесулерді талай тағатсыздана күтіп едік.
Күн-түн демей кез келген уақытта
Саған қарай құстай талып жеткенімде
Мен саған: «Қалайсың ба?» дейтінмін
Сен маған: «Қалаймын!» дейтін едің.
Біз қалай аймаласып едік!
Тәніміздің кез келген қыңыр қалауын
Орындаушы едік!
Сатурналия шат-шадыман мерекесі
Қарлы Римде қардай сықырлаушы еді.
Бір-біріне шөліркеген ғашықтай,
Қалай біз аймаласып едік! Қалай біз ай...
Сол түні остериада ішімдікке мас болып
Сен Тибериймен төсекке жаттың.
Мен сені ұрдым, кешірім де сұрадым,
Екеуміз де шын қиналған едік.
Міне соңғы жаратылысымызда
Бізді тағы құмарлық тоғыстырды.
Бұл тамыз, ең ыстық ай еді,
Үшінші Рим болды, Мәскеу болды,
Сен мойныма асылып,
Сол сөздерді айқайлай айтқан едің.
Сосын біз қаймықпастан, қатыгез
Жерленгеннің бәрін қазып алдық.
Блоктағыдай бәрі қайталана берді,
Сол пьесадағы — «қыр, қане!» деп айқай салғандай.
Тағы да күні-түні
Мен телефон дөңгелегін шыр айналдырамын
Тағы телефон тұтқасынан
Сен маған: «Қалаймын!» дейсің.
Тағы да Сатурналия мерекесі болады,
Мас күлкі, айқай-шу, даңғойлық тұнған.
Бірақ үстелді әлі жаймапты
Және цел це екі аш бес о аш.
Тиберий әлі бір жерде қаңғып жүр-ау,
Бірақ, ол күн ұясына қонғанда келеді,
Бұл сыйды маған құнды ету үшін
Сен де келерсің.
Жетпіс үшінші жыл
Сен Одессада тұратын күндерде,
Жырақ кеткен күндерде зарықпас үшін
Мен Қара теңізбен орын алмасам деп шештім.
Теңіз қара сиядай шенеунік болады,
Кеміргіш, кеңсе егеуқұйрығы атанады,
Жерасты өткелдерінде тұншығып
Сегіз отызға дейін кешікпей келіп,
Өтініш берушілерді мұқият қабылдап
Басшылықтың алдында қалтырап
Темекі шегу орындарында темекісін будақтатып
Қазынашылық құжаттарын
Менің орныма ескі қаламсаппен жаза түседі.
Ал, мен Эвксин Понтының төсінде
Тұз татыған малта тастарда жатамын.
Байдар қақпасынан Стамбұлға дейін
Көз талатын алыста көрінбей тынып жатамын.
Ал, сен мені көрген бойда
Менімен кездесуге ентелей жүгіріп келерсің,
Мен сені, сүйіктім, аялап,
Қымтап, тербеп, аймалап, әлдилеп
Нәзік құштарлықпен жүрегіңе енемін,
Ал, сен менің жарым боларсың.
Сексен бірінші жыл
Еңістегі жағада
Қарағайлар жармасқан жерде
Мәңгілікке айрылдық,
Бірақ көзімізден жас аққанша күлуші ек қой.
Баладай шат күлдік
Ерінге үйірілген күлкіден
Бәрінің түйінін қойып жатқанымызды
Елегіміз келмеп еді!
Азғырудан аулақ бола алмай
Ләззатты да сезініп,
Тұрпатсыз би ырғағын
Қайталай берсек!
Құдай құдды жұбату үшін
Бізге карнавал жіберген сынды
Виза мен тіркелу бөліміне
Саған рұқсат бермеген сынды,
Құдды қанжығамызда минут емес,
жылдар бардай
Біз ешқашан күлмегендей ессіз күлдік,
күле түстік.
Сексен тоғызыншы жыл
Уақыт болған міне бестің кезі,
Сәл тұрып күркірейді көктің де өзі.
Жоғарыда бақабақ иісі оянды,
Асфальттар күлгін түске боянды.
Жүргіншілер
бір жаққа асығады,
Жарылды аспан,
ақ жауын тасынады.
Барлығы асығады қадам басып,
Қалмады тірі пенде алаңда түк.
Долы дауыл қаптаған келді таяп,
Сен жүгірдің қақпама жалаң аяқ.
Есігімнің алдында тұра қалып,
Тыңдаймын соққан сәтін
жүрек анық.
Аяқтың дыбысымен жеңіл басқан,
шығасың баспалдақпен өрге қашқан.
Ал, қанеки басыңды сәл иілтіп,
Жіберші кемпірқосақ,
бақбақты құйылтып.
Тоқсаныншы жыл
Өлім құшып,
теңізге айналамын,
Сен жүре тұр қайғысыз, ойламағын.
Мен бір ұлы мұраттың жолындамын,
Көк теңіз боп жатамын ойда, жаным.
Күтем сені
армян шатқалында,
Теңіз шуын естісең
қас-қағымда.
Ол менің сені аңсаған сағынышым,
Мен сені жүрмін күтіп аспанымда.
Құшағыма кіресің толқынданып,
Сені күтіп алады толқындарым
Аяғыңды аймалап,
көкке ұмтылып,
Қауышамыз екеуміз
сосын, жаным.
Омырауыңнан аймалап
егілумен,
Еркелете сүйемін ерініңнен.
Есеңгіреп қайтқанда
махаббаттан,
Тағы үнімді естисің
еміренген.
Егер де сенің ауырса жаның,
Теңізге барсаң болады, әне,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғанда және.
Егер де сенің ауырса жаның,
Жаралы жүрек болса да тоңған.
Теңізге жатшы, су құшып тәнің,
Жараның қалмас ізі де сонда.
Түсінгенің жөн сонда да мәнін,
Мұқият істе бұл істі, қане,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Сонда жап-жасыл ағаштар, міне,
Көк түтінге тағы оранған кезде.
Көкшіл сағым боп көкжиек түге,
Ағаштар сонда көрінер көзге.
Таңырқап қалма, себебі, сосын
Ақ жал толқыннан алапат күшті,
Бір ару шықса жағаға тосын,
Сенің жаныңа отыру үшін.
Жер тумасындай тулаған қаны,
Ертегілер мен аңыздан күшті,
Саған қарап, айтса, егер: «Жаным,
Мен келмедім ғой уәдең үшін,
Сөзің де қажет болмайды маған,
Көретін көзге сөз деген ауыр,
Ойыңды білем, қарасам саған,
Жалынды көзден оқимын тәуір».
Сонда жәндіктер үнсіз қалады,
Толқын да кері қайтады ағып,
Жаныңда, жақын жерде жанағы,
Үлбір ерінді көресің тағы.
Түсінгенің жөн сонда да мәнін,
Мұқият істе бұл істі, қане,
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Мейлі, достарың мазақ қып күлсін,
Мейлі, қияли дейтін де шығар,
Түс көрген адам бұдан да бетер,
Жағдайға тап болар деп ұғар.
Күле де берсін, мейлі, сенбесін,
Біреудің ойы бұлай төнбесін.
Ай аспандағы келтіріп сәнін,
Піскен өріктей болғандай және.
Елу үшінші жыл
Жабылып есік қалғанша
Үлгердім шығып тағы да.
Жаныңа жылдам барғанша,
Бермедім тыным жаныма.
Ынтықтырады бұл кеуде —
Өзіңді ғана сағынар.
Кетемін озып түннен де
Жетсем деп сәтке жолығар.
«Асықпа, — дейді, — қарғам-ау»
Сыбырлаған бұл түн еді.
Түсіпті екі із қарға анау:
Бірі үлкен, кіші біреуі.
Қалдырған едік мұны біз
Мәскеудің аппақ қарына.
Содан соң мөлтек сырымыз
Айналды сағыныштарыма.
Жоғалды қайғы, шаттық та,
Қол ұстасқанда екеуміз.
Біз ғана бара жаттық та
Түспеген қарда бөтен із.
«Иә» десең, жанға күш берер...
Қар жауды жауһар жыр сынды.
Әнекей — ізің кішкене,
Үлкен із оған ұмсынды.
Келеміз үнсіз, сондағы
Дыбысы қардың естілді.
Біздерге дейін жолға бұл
Түспеген ізі ешкімнің.
Тарс етіп есік жабылған
Бәсеңсіп, тынды дыбысы.
Асығам тербеп жанымды ән,
Тез кездесуге тырысып.
Тоқтатпады түн кеңесті,
Тоқтады ақ қардың көші.
Ізіміз ақыр теңесті:
Бір үлкен және бір кіші.
Елу бесінші жыл
Қара баспалдақ шұңқырында
Алдыңғы бұрышта
Сен мені сүйіп алмасын деп
Үй елесі сонша тырысып еді.
Ит сияқты ұлып
Қадамдарды дауыстап санап,
Мерзляковский қиылысында
Барлық подъезді жауып еді.
Ол әрқашан бізге
Оңбағандықтың сан түрін жасауға дайын еді:
Мысықтарды,
Шұбар бет үй тазалаушы әйелді де
Бізге қарсы айтақтайтын еді.
Үй елесімен достасқан, шайтан
Балаларды да
Дереу шамды өшіріп,
Сені өлгенше қорқытуға
Үйретіп қойып еді.
Біз қол ұстасып тұрамыз,
Бетімізді бетімізге тақап,
Ол шатырда шулай бастайды
Түні бойы ұйқыға жол бермей.
Қымбатты, баяғы үй елесі,
Қазір айналысар ештеңем жоқ...
Бүгін алдыңғы бұрышта
Кездесуге асықпын мен.
Алыста қалған сол жылдардағыдай
Қара баспалдақ шұңқырына
Тістелген сіріңкенің шырпысын
Әдетіме салып түсіріп алып.
Шатырдан жауап күтемін,
Елең етіп, тың тыңдап, —
Не шал жоқ,
Не бір минутқа тысқа шығып кеткен болар.
Алпыс сегізінші жыл
Сатурналия мерекесі күнінде авторға сыйлық
жасаған Клодияға
Сол күндері мен Катулл
Сен Лесбия болған кезде
Бір-бірімізге о, шіркін, қалай ынтызар болып едік,
Жылы кездесулерді талай тағатсыздана күтіп едік.
Күн-түн демей кез келген уақытта
Саған қарай құстай талып жеткенімде
Мен саған: «Қалайсың ба?» дейтінмін
Сен маған: «Қалаймын!» дейтін едің.
Біз қалай аймаласып едік!
Тәніміздің кез келген қыңыр қалауын
Орындаушы едік!
Сатурналия шат-шадыман мерекесі
Қарлы Римде қардай сықырлаушы еді.
Бір-біріне шөліркеген ғашықтай,
Қалай біз аймаласып едік! Қалай біз ай...
Сол түні остериада ішімдікке мас болып
Сен Тибериймен төсекке жаттың.
Мен сені ұрдым, кешірім де сұрадым,
Екеуміз де шын қиналған едік.
Міне соңғы жаратылысымызда
Бізді тағы құмарлық тоғыстырды.
Бұл тамыз, ең ыстық ай еді,
Үшінші Рим болды, Мәскеу болды,
Сен мойныма асылып,
Сол сөздерді айқайлай айтқан едің.
Сосын біз қаймықпастан, қатыгез
Жерленгеннің бәрін қазып алдық.
Блоктағыдай бәрі қайталана берді,
Сол пьесадағы — «қыр, қане!» деп айқай салғандай.
Тағы да күні-түні
Мен телефон дөңгелегін шыр айналдырамын
Тағы телефон тұтқасынан
Сен маған: «Қалаймын!» дейсің.
Тағы да Сатурналия мерекесі болады,
Мас күлкі, айқай-шу, даңғойлық тұнған.
Бірақ үстелді әлі жаймапты
Және цел це екі аш бес о аш.
Тиберий әлі бір жерде қаңғып жүр-ау,
Бірақ, ол күн ұясына қонғанда келеді,
Бұл сыйды маған құнды ету үшін
Сен де келерсің.
Жетпіс үшінші жыл
Сен Одессада тұратын күндерде,
Жырақ кеткен күндерде зарықпас үшін
Мен Қара теңізбен орын алмасам деп шештім.
Теңіз қара сиядай шенеунік болады,
Кеміргіш, кеңсе егеуқұйрығы атанады,
Жерасты өткелдерінде тұншығып
Сегіз отызға дейін кешікпей келіп,
Өтініш берушілерді мұқият қабылдап
Басшылықтың алдында қалтырап
Темекі шегу орындарында темекісін будақтатып
Қазынашылық құжаттарын
Менің орныма ескі қаламсаппен жаза түседі.
Ал, мен Эвксин Понтының төсінде
Тұз татыған малта тастарда жатамын.
Байдар қақпасынан Стамбұлға дейін
Көз талатын алыста көрінбей тынып жатамын.
Ал, сен мені көрген бойда
Менімен кездесуге ентелей жүгіріп келерсің,
Мен сені, сүйіктім, аялап,
Қымтап, тербеп, аймалап, әлдилеп
Нәзік құштарлықпен жүрегіңе енемін,
Ал, сен менің жарым боларсың.
Сексен бірінші жыл
Еңістегі жағада
Қарағайлар жармасқан жерде
Мәңгілікке айрылдық,
Бірақ көзімізден жас аққанша күлуші ек қой.
Баладай шат күлдік
Ерінге үйірілген күлкіден
Бәрінің түйінін қойып жатқанымызды
Елегіміз келмеп еді!
Азғырудан аулақ бола алмай
Ләззатты да сезініп,
Тұрпатсыз би ырғағын
Қайталай берсек!
Құдай құдды жұбату үшін
Бізге карнавал жіберген сынды
Виза мен тіркелу бөліміне
Саған рұқсат бермеген сынды,
Құдды қанжығамызда минут емес,
жылдар бардай
Біз ешқашан күлмегендей ессіз күлдік,
күле түстік.
Сексен тоғызыншы жыл
Уақыт болған міне бестің кезі,
Сәл тұрып күркірейді көктің де өзі.
Жоғарыда бақабақ иісі оянды,
Асфальттар күлгін түске боянды.
Жүргіншілер
бір жаққа асығады,
Жарылды аспан,
ақ жауын тасынады.
Барлығы асығады қадам басып,
Қалмады тірі пенде алаңда түк.
Долы дауыл қаптаған келді таяп,
Сен жүгірдің қақпама жалаң аяқ.
Есігімнің алдында тұра қалып,
Тыңдаймын соққан сәтін
жүрек анық.
Аяқтың дыбысымен жеңіл басқан,
шығасың баспалдақпен өрге қашқан.
Ал, қанеки басыңды сәл иілтіп,
Жіберші кемпірқосақ,
бақбақты құйылтып.
Тоқсаныншы жыл
Өлім құшып,
теңізге айналамын,
Сен жүре тұр қайғысыз, ойламағын.
Мен бір ұлы мұраттың жолындамын,
Көк теңіз боп жатамын ойда, жаным.
Күтем сені
армян шатқалында,
Теңіз шуын естісең
қас-қағымда.
Ол менің сені аңсаған сағынышым,
Мен сені жүрмін күтіп аспанымда.
Құшағыма кіресің толқынданып,
Сені күтіп алады толқындарым
Аяғыңды аймалап,
көкке ұмтылып,
Қауышамыз екеуміз
сосын, жаным.
Омырауыңнан аймалап
егілумен,
Еркелете сүйемін ерініңнен.
Есеңгіреп қайтқанда
махаббаттан,
Тағы үнімді естисің
еміренген.



