Сүйелшөп пен беде гүлдеп, ән салып жер көгерсін...
* * *
Сүйелшөп пен беде гүлдеп, ән салып жер көгерсін,
терезенің алдына кеп қонақтады көгершін,
Жорғалаған жылан анау, әйнек сынған күні көп,
өтті бәрі, кетті бәрі, ал есімде бірі жоқ...
Мен де ұмыттым, сен де ұмыттың, ол да ұмытты — зор қайғы,
жақтауынан терезенің Еділ Нілдей сарғайды...
Бес қабатты үйде мынау қайнап тірлік тынысы
жайылған кір, жуған кесе, ыдысы,
Үшбұрышты пирамида жұтып қойған елесін
ақ толқындар аймалайды денесін.
Қонысы екен мынау кімнің, иесі оның кім екен,
тасты жарып мынау балғын қалай өсіп тұр екен?
Жас пен кәрі терезеден тыңдап отыр бұл күйді
мынау тастай жапырақтар жолға қарай жұлқиды
Кірпіш үйлер барады өсіп, патшалықтың елесіндей ол дағы,
айналасы папирус пен қалың қамыс қорғаны
Нілдің асау толқындары ұрып жатыр жағаны
жасырынған мүйіздерден жанның бәрі жаралы...