Жағалау
Сығыраяр жақпарлы жартастағы,
Саңылаудан тұздай бір түзілістер.
Көне мата қыртысын жаңартатын,
Тынымсыз сырға толы үдерістер.
Шуға назар аудармай шолпылдаған,
Ол да үнсіз өз ішінен тынады,
Жылдар бойы кәрі толқын аңсаған,
Оны келіп жылтыратып жуады.
Мен емеспін жақтасы да амалдың,
Жата кетіп, қара жерге жабысқан.
Ой жүгіртіп қарасаңыз байыппен,
Бәрі де анық көрінеді ғарыштан.
Сенің осы бастауыңмен ұрғашы
Ғұламалық байланысы шамалы-ау...
Күміс сәуле сығып тұрған сықылды,
Жарықтары жымыңдаған жағалау.
Саңылаудан тұздай бір түзілістер.
Көне мата қыртысын жаңартатын,
Тынымсыз сырға толы үдерістер.
Шуға назар аудармай шолпылдаған,
Ол да үнсіз өз ішінен тынады,
Жылдар бойы кәрі толқын аңсаған,
Оны келіп жылтыратып жуады.
Мен емеспін жақтасы да амалдың,
Жата кетіп, қара жерге жабысқан.
Ой жүгіртіп қарасаңыз байыппен,
Бәрі де анық көрінеді ғарыштан.
Сенің осы бастауыңмен ұрғашы
Ғұламалық байланысы шамалы-ау...
Күміс сәуле сығып тұрған сықылды,
Жарықтары жымыңдаған жағалау.





