Сергей Круглов

1966 жылы Красноярск қаласында дүниеге келген. Красноярск Университетінің журналистика бөлімінде оқыған. 1999 жылы діни қызметкер дәрежесін алып, Минусинск қаласының Спасск соборында қызмет еткен. Заманауи орыс поэзиясы туралы «Культура» радиосындағы «Поэзия. Сөздер қозғалысы» атты апталық бағдарламаны жүргізген. Бірқатар православиелік интернет-басылымдардың алғашқы авторы. 13 өлеңдер жинағы шыққан, атап айтқанда: «Снятие Змия со креста» (2003), «Зеркальце» (2007), «Приношение» (2008), «Переписчик» (2008), «Народные песни» (2010), «Лазарева весна» (2010), «Царица Суббота» (2016), «Лирика» (2022). Прозалық шығармалар жазады. Өлеңдері бірқатар еуропа және азия тілдеріне, соның ішінде ағылшын, араб, итальян, испан, қытай және т. б. тілдерге аударылған. Андрей Белый атындағы сыйлықтың (2008), «Московский счет» сыйлығының, «Anthologia» (2016) поэтикалық сыйлығының лауреаты. Минусинскіде тұрады.
Әдебиеттанушы және сыншы Борис Дубин ол туралы былай деген: «Круглов әдетте аздың атынан сөйлейді, демек, дәстүрлі иерархияда — ең әлсіз, елеусіз. Оның көзқарасы төмен тартып, тіпті, көз деңгейінен әлдеқайда төменде тұрады (қоршаған орта мен таныстар туралы дәйім ірі сөйлеп, кесек турауының табиғаты осы төменге тігілген жанарларда жатқаны анық)».