Андрей Битов

Андрей Георгиевич Битов (1937—2018) — прозашы, сценарийшы. РФ Мемлекеттік сыйлығы (1992, 1997), РФ Үкіметі сыйлығының (2014) лауреаты.
Ленинградта сәулетші мен заңгер отбасында дүниеге келген. Ленинград тау-кен институтын бітіргеннен кейін бұрғылау шебері болып жұмыс істеді. Сценарийшылар пен режиссерлердің Жоғары курстарын бітіріп, сценарийлер жазды.
«Уроки Армении», «Аптекарский остров», «Дни человека» және тағы басқа шығармалары оған интеллектуал прозашы және стиль майталманы даңқын әкелді. Битовтың алғашқы романы «Пушкин үйі» 1978 жылы АҚШ-та жарық көріп, оны бүкіл әлемге танымал етті. Бұдан соң Битов Ресейдің жарқын постмодернисті ретінде бағаланды. Горький атындағы әдебиет институтында сабақ берді. Қайта құрудан кейін жиі жарияланып тұрды. «Улетающий Монахов», «Оглашенные», «Неизбежность ненаписанного», төрт томдық «Империя в четырех измерениях» және тағы басқа туындылары көптеген ресейлік және халықаралық марапаттарға ие болды.