Көріп тұрмын қараңғы кәрі ағашты...
* * *
Көріп тұрмын қараңғы кәрі ағашты,
қатал күзге бар тәнін жалаңаштап,
жапырағын жоғалтқан жесір қалпы,
көз жасымен ұқтырып өмір даңқын,
дат айтпақшы болады мына әлемге,
қайран жастық, ол мәңгі тұра бермес.
Көз алдымда көлбеңдеп осы сурет,
күзгі бақтан қаштым мен жаным жүдеп.
Біз кейде байқамаймыз айналаны,
кәрі ағаштар тербеген қайғы алаңын,
мәңгі сұлу болардай, мәңгі жасыл,
ұшырамыз көңілдің қарлығашын,
қанатынан қайрылған өмір құсын,
көрсең-дағы сен қалай, көңілдісің?
Сезбейсің бе дәл мынау өмір заңын,
көз алдыңда мезгілдер құбылғанын,
анау кәрі ағаштай ертең бәрі,
қуаныш та, бақыт та, келтең бәрі,
құлпырып бүгін жүрсең, көктем болып,
қартайғанда күдікке өкпең толып,
қимай-қимай, іздейсің жастығыңды,
сұлулыққа, сезімге мас күніңді...
Оралмайды ол көктем, жаз да сұлу,
жылап қалған өмірде аз ба сұлу?!
Неге ендеше,қашамыз ақиқаттан?..
Көріп тұрмын қараңғы кәрі ағашты,
қатал күзге бар тәнін жалаңаштап,
жапырағын жоғалтқан жесір қалпы,
көз жасымен ұқтырып өмір даңқын,
дат айтпақшы болады мына әлемге,
қайран жастық, ол мәңгі тұра бермес.
Көз алдымда көлбеңдеп осы сурет,
күзгі бақтан қаштым мен жаным жүдеп.
Біз кейде байқамаймыз айналаны,
кәрі ағаштар тербеген қайғы алаңын,
мәңгі сұлу болардай, мәңгі жасыл,
ұшырамыз көңілдің қарлығашын,
қанатынан қайрылған өмір құсын,
көрсең-дағы сен қалай, көңілдісің?
Сезбейсің бе дәл мынау өмір заңын,
көз алдыңда мезгілдер құбылғанын,
анау кәрі ағаштай ертең бәрі,
қуаныш та, бақыт та, келтең бәрі,
құлпырып бүгін жүрсең, көктем болып,
қартайғанда күдікке өкпең толып,
қимай-қимай, іздейсің жастығыңды,
сұлулыққа, сезімге мас күніңді...
Оралмайды ол көктем, жаз да сұлу,
жылап қалған өмірде аз ба сұлу?!
Неге ендеше,қашамыз ақиқаттан?..





