Ешкімді сүйместен көп сүрдім өмірді...
* * *
Ешкімді сүйместен көп сүрдім өмірді,
Ұмыттым қатенің мендегі түр-түсін.
Сен үшін мұхитпен жүзер ем жолымды,
Балалық еркелік, бейкүнә күлкі үшін.
Қоңыр күз, өзімді іздеумен келемін,
Бар ма өзі үмітсіз махаббат бұл күнде...
Қаласаң, өмірді екіге бөлер ем,
Бірақ та білмеймін, өмірсіз мүмкін бе?!
Ешкімді сүйместен көп сүрдім өмірді,
Ұмыттым қатенің мендегі түр-түсін.
Сен үшін мұхитпен жүзер ем жолымды,
Балалық еркелік, бейкүнә күлкі үшін.
Қоңыр күз, өзімді іздеумен келемін,
Бар ма өзі үмітсіз махаббат бұл күнде...
Қаласаң, өмірді екіге бөлер ем,
Бірақ та білмеймін, өмірсіз мүмкін бе?!




