Үкіменен достасуды армандап ем, алайда...
* * *
Үкіменен достасуды армандап ем, алайда
Ешқашан да еркіндікте көрмеппін мен үкіні.
Алып шаһар тірлігінен босата алмай қалай да
Жад өртеніп, қап қойғандай базбір майшам тұқылы.
Қалды есімде ескі сағат дүниеге үңіліп,
Бала күнде үстел үсті тұратұғын ілініп.
Тышқандармен достықты да жолға қойғым келген-ді,
Мен оларға еш қарусыз барушы едім қонаққа.
Қожайындар сапарлатып, жалғыз жайлап бөлмемді,
Баспа болып жатыр едім, дерт жабысып тамаққа,
Төсегіме үрілмелі тышқан салып сол шақта
Ысқырығын қызықтап ек науқас бала болсақ та.
Зообаққа барушы едім түрлі аңдарды көруге,
Сан мелшидім саяжайлар есігінің алдында.
Сауысқандар шықылықтап үн қосатын шеруге
Жазғы орманда әлем бөлек. Қызықтары сан мұнда
Болғанменен, қайта-қайта іздеп ауыл тірлігін,
Пайда болды пайдасы жоқ түрлі затпен бірлігім.
Сілкіп тастап, жұлқып тастап мезі болған басымды,
Доңғалақтар лақтырамын саяжайдың түніне.
Ысқырықты ышқырымнан суырамын хас үнді,
Құлақ қоям сыбырлаған тышқандардың үніне.
Әскери ән әзір етіп, үкі даусын толғасын,
Есейсе де, есі кірмей жүрген ұлға жолдасын.