Мен өзімді жиі кінәлай беретін боп алдым...
* * *
Мен өзімді жиі кінәлай беретін боп алдым,
өз кінәңді ұғу қайғыға салмай ма,
сен басқа әлемге сіңіп ізсіз жоғалдың
солай деп жазылған маңдайға.
Жүз жылдық сенім мен ақиқат...
Санаулы сағатта екіге бөлінген кенет
жоқ, сүйіктім, сене алар емеспін,
параллелограмм шыр айналды дөңгелеп!
Сені бұлай үнсіз жоғалта алмаймын,
өмірімнің ажырағысыз бөлшегісің
ештеңемен ауыстыра алмайтын,
гүл жайнаған сұлулықтың өлшемісің.
Азаматтық және әлемдік революциядағы өзгеріс
қайшылық, соғысты, кеңестік дәуірді,
тоқсаныншы жылдардағы төңкеріс,
көтердік бірге біз жеңіл мен ауырды.
Таттым көп өмірдің кермегін,
кешірші, саған да ұсындым.
Ыстығына күйдім, не көрмедім...
суығына тоңдырдым, түсіндім.
Қасымда жүрген көп дүрмектен
мәңгілік дос болып сен қалдың,
уақыттың қадірін білмеп пе ем,
бабадан қалған із, оны да жоғалтып алғанмын.
Екі рет сүрмейтін, қайтадан келмейтін ғұмырда
адалдық — мән осы, қалғаны
құлқынға құл болған, отызыншы жылдарды ұғынғам,
сені ештеңе өзгерте алмады.
«Кузнецовская», мен үшін құрметті! —
сақтаймын тегімді мұраға қалдырған,
сенемін, жұмақта болуға міндетті
тұрақтылық үшін бір рахат күтеді алдымнан!
Мен өзімді жиі кінәлай беретін боп алдым,
өз кінәңді ұғу қайғыға салмай ма,
сен басқа әлемге сіңіп ізсіз жоғалдың
солай деп жазылған маңдайға.
Жүз жылдық сенім мен ақиқат...
Санаулы сағатта екіге бөлінген кенет
жоқ, сүйіктім, сене алар емеспін,
параллелограмм шыр айналды дөңгелеп!
Сені бұлай үнсіз жоғалта алмаймын,
өмірімнің ажырағысыз бөлшегісің
ештеңемен ауыстыра алмайтын,
гүл жайнаған сұлулықтың өлшемісің.
Азаматтық және әлемдік революциядағы өзгеріс
қайшылық, соғысты, кеңестік дәуірді,
тоқсаныншы жылдардағы төңкеріс,
көтердік бірге біз жеңіл мен ауырды.
Таттым көп өмірдің кермегін,
кешірші, саған да ұсындым.
Ыстығына күйдім, не көрмедім...
суығына тоңдырдым, түсіндім.
Қасымда жүрген көп дүрмектен
мәңгілік дос болып сен қалдың,
уақыттың қадірін білмеп пе ем,
бабадан қалған із, оны да жоғалтып алғанмын.
Екі рет сүрмейтін, қайтадан келмейтін ғұмырда
адалдық — мән осы, қалғаны
құлқынға құл болған, отызыншы жылдарды ұғынғам,
сені ештеңе өзгерте алмады.
«Кузнецовская», мен үшін құрметті! —
сақтаймын тегімді мұраға қалдырған,
сенемін, жұмақта болуға міндетті
тұрақтылық үшін бір рахат күтеді алдымнан!




