Қамыр ашытып, мейіз салып, сол күнді шақырғалы...

* * *

Қамыр ашытып, мейіз салып, сол күнді шақырғалы
ас дайындап, ақын күткен мереке жақындады
Қысқы жарық бұлыңғыр терезеден сығалайды
ән салады, Мәскеу патшалығы бағынар ақынға әлі!

Қай нәрсені алсаң да географияға жүгінеді,
барлығы қармақ алып, нан табуға жүгіреді,
Мереке өтсін, дәндер мен жасыл шөптің жапырағында
рух оянып, көктем қайта тіріледі.

Туған өлке түтіні қанатын жоғары сермейді
қоңырау үнімен аспанға төрлейді
Таза бейсенбі әр үйдің әйнегін мөлдір ғып тазалап
тоғызыншы сағаттық белдеудің бойымен өрлейді.

Жаратқан бір Құдай, сондықтан бәріне қанағат
Өзгеріс кұтеміз,. Мереке де, өлім де келмейді алалап,
Шамамыз келгенше жүрек пен көңілдің әйнегін
мөп-мөлдір болғанша сүртейік тазалап.

Мереке тым жақын, қалды екен сәт қанша
Яна мен Лена күтеді Чукоткада күн батқанша,
Байкалға, Иркутскіден Самараға мен Қорғанға
Еділ мен Мәскеуде, Петрде, Калининградта таң атқанша

Қызмет көрсеткен ел құйып ішеді,
үстелде жарасым, ыдыстар сыңғыры
Тазарған ауа мен терезеден қызғылт нұр түседі
мереке сыйы деп біл мұны!