Финдермен жапсарлас ауылдың бар маңы...

* * *

Финдермен жапсарлас ауылдың бар маңы,
аң-құстың мекені — орманның талдары.
Бірлі-екі кірпішті табасың ошақтан,
шіріген бөрене, жаңқалар қалғаны.

Суықтан құтқармас дворян тұмағы,
Рождество келгенде — кетеді күн әрі.
Ағаштан жасалған жұп-жұқа қабырға,
жылыта алмайды пионер ұраны.

Санамды суытты келместей жаз ертең,
буынға түсетін әніңді айт, назеркем!
Павлик Морозов үгітін тыңдаған,
құдайсыз әлемнің жылуы аз екен.