Тас түнектерді кезген тым-тырыс түнде...
* * *
Тас түнектерді кезген тым-тырыс түнде
шоқжұлдыздар шуағы жанға әлі жаттай,
сейілмеген үрей де, үркініштер де,
баз бір Жақып пен Ысқақ бардағы шақтай.
Кемпірқосақ пен райхан қайта бүр жарған,
аспан зерінен тамған жасқа сияр күн...
махаббат, бақыт жайлы айтады жалған,
тұсындағыдай Нерон, Веспасианның.
Шемен шер мен аңсардан бас тартар ма обал?!
Жұп-жұмыр жүрек сорлы сезімге дүлей
төтеп бере алмай, жүдер, тас-талқан болар...
дәл Дарий мен Ксеркстің кезіндегідей.
Тас түнектерді кезген тым-тырыс түнде
шоқжұлдыздар шуағы жанға әлі жаттай,
сейілмеген үрей де, үркініштер де,
баз бір Жақып пен Ысқақ бардағы шақтай.
Кемпірқосақ пен райхан қайта бүр жарған,
аспан зерінен тамған жасқа сияр күн...
махаббат, бақыт жайлы айтады жалған,
тұсындағыдай Нерон, Веспасианның.
Шемен шер мен аңсардан бас тартар ма обал?!
Жұп-жұмыр жүрек сорлы сезімге дүлей
төтеп бере алмай, жүдер, тас-талқан болар...
дәл Дарий мен Ксеркстің кезіндегідей.





