Бой бермес аяз, тоң, тасқынға...
* * *
Бой бермес аяз, тоң, тасқынға
Тірлік бар қалың мұз астында
Қираған қаланың кешегі
Үстінен будақ бұлт көшеді.
Көне астанадан, алып елдерден,
Бос қалған жерлерден болған сергелдең,
Кремльдің өркеш-өркеш қабырғаларынан
Шағын ауылдардан қаңыраған
Бұлттар көшеді...
Қадалған түпсіз ғарышқа
Аспанның мұңын тыңдар кім,
Көшеді бұлттар ақшулан
Басынан құзар шыңдардың
Заманның желі бөгеле
Үстемдік құрмай тосылып,
Қалқиды бұлттар төбеде
Зұлымдықтарды жасырып.
Өзгерер бәрі өзгерер,
Аяқтап күнді дөңгелер
Көлеңкелері қанатты
Ырғақпен үнсіз тербелер...
Көшеді бұлттар...
Бой бермес аяз, тоң, тасқынға
Тірлік бар қалың мұз астында
Қираған қаланың кешегі
Үстінен будақ бұлт көшеді.
Көне астанадан, алып елдерден,
Бос қалған жерлерден болған сергелдең,
Кремльдің өркеш-өркеш қабырғаларынан
Шағын ауылдардан қаңыраған
Бұлттар көшеді...
Қадалған түпсіз ғарышқа
Аспанның мұңын тыңдар кім,
Көшеді бұлттар ақшулан
Басынан құзар шыңдардың
Заманның желі бөгеле
Үстемдік құрмай тосылып,
Қалқиды бұлттар төбеде
Зұлымдықтарды жасырып.
Өзгерер бәрі өзгерер,
Аяқтап күнді дөңгелер
Көлеңкелері қанатты
Ырғақпен үнсіз тербелер...
Көшеді бұлттар...




