Үш көзқарас
1
Қысқа ешкім қоймаған шекараны,
мамыр таңы табиғат тоңады әлі.
Егістіктің шетінен бас көтеріп,
нарцис гүлдер айтуда хабар әні.
Аппақ қарда батырдай көрінгенмен,
сары майдай тағдыры табадағы,
сумен, қара топырақ нәр бергенде,
қарық болар табиғат қағанағы.
2
Қаңыраған үйге өзің енгеніңде,
терезенің алдына келгеніңде,
ілмегі бар тартқыштай сабандағы,
бір қызықты көзіңмен көрмедің бе.
Қараңғыға атылған жебелердей,
соңынан қуғын түсе бергенінде.
перде артынан аялап тыныштықты,
құштарлығын көрсетер олда өмірге.
3
Тамшылардың әйнекке соғылысы,
алқызыл маталардай оның ісі,
натюморт пен пейзаждың арасында,
шалқып жатқан табиғат көрінісі.
Естелікте өзінше қанат бардай,
өкінішке өзекті талатқандай.
Қорғансыз ғып, алдағы оқиғадан
уақыттың зымырап баратқаны-ай.
Қысқа ешкім қоймаған шекараны,
мамыр таңы табиғат тоңады әлі.
Егістіктің шетінен бас көтеріп,
нарцис гүлдер айтуда хабар әні.
Аппақ қарда батырдай көрінгенмен,
сары майдай тағдыры табадағы,
сумен, қара топырақ нәр бергенде,
қарық болар табиғат қағанағы.
2
Қаңыраған үйге өзің енгеніңде,
терезенің алдына келгеніңде,
ілмегі бар тартқыштай сабандағы,
бір қызықты көзіңмен көрмедің бе.
Қараңғыға атылған жебелердей,
соңынан қуғын түсе бергенінде.
перде артынан аялап тыныштықты,
құштарлығын көрсетер олда өмірге.
3
Тамшылардың әйнекке соғылысы,
алқызыл маталардай оның ісі,
натюморт пен пейзаждың арасында,
шалқып жатқан табиғат көрінісі.
Естелікте өзінше қанат бардай,
өкінішке өзекті талатқандай.
Қорғансыз ғып, алдағы оқиғадан
уақыттың зымырап баратқаны-ай.





