Үш жетіаяқ
Ей, бидайдың дәніндей үшкір тау!
Иықтасып, сіресіп, бір-біріңмен тіресіп.
Екі жаққа құлдилап найзағайдай асылдан,
шөлмектейін жасылдан,
бұлтқа оранған шыңдарың құпияңды жасырған.
Қас-қағым бір сәттерде,
жұмған көзің ашылған.
Қош болғайсың, қос қапталды үшкір тау!
Қабыршықты қатпарың,
арайлы еді ақ таңың,
құйрығындай тұлпардың,
шұбатылған түтіндер
қызыл күрең лаулаған,
сияқты бір от-жалын.
Ағаштардай отқа оранып құлаған,
өртте қалған ұясы
қарлығаштай жылаған,
Қош бол, енді үшкір тау!
Сенің ғажап көрінісің күнгейлі
(құс қанатын білмейді)
ешкімнің де түсіне енді кірмейді...
Иықтасып, сіресіп, бір-біріңмен тіресіп.
Екі жаққа құлдилап найзағайдай асылдан,
шөлмектейін жасылдан,
бұлтқа оранған шыңдарың құпияңды жасырған.
Қас-қағым бір сәттерде,
жұмған көзің ашылған.
Қош болғайсың, қос қапталды үшкір тау!
Қабыршықты қатпарың,
арайлы еді ақ таңың,
құйрығындай тұлпардың,
шұбатылған түтіндер
қызыл күрең лаулаған,
сияқты бір от-жалын.
Ағаштардай отқа оранып құлаған,
өртте қалған ұясы
қарлығаштай жылаған,
Қош бол, енді үшкір тау!
Сенің ғажап көрінісің күнгейлі
(құс қанатын білмейді)
ешкімнің де түсіне енді кірмейді...





