Татар эпосы

Ұйқыңнан тұр, киевтік Илья батырым,
дала заңы бойынша
ұйқыдағы жанды өлтіру маған — жат ұғым.
Оян, қане,
адалдан қару сайла,
дулығаңды киіп,
қылышыңды қайра.
Келіскен жерде тоғысамын,
күн батқанша сеніммен соғысамын.
Әгәрәки,
тең түссек біз екеуміз,
онда сенің жаныңа жуысамын,
мықты бауырлардай... туысамын.