Ностальгия

Кім білген болғанын сол сәттер соңғы апта?!
Суына шомылдық толқында тербеліп.
Ал, қазір күн райы суытты ол жақта,
күнкөріс деңгейі плюсқа өзгеріп.

Студент дәуренің сағымдай көшеді,
айларды жұтады жәукемдеп кіші күн.
Жадыңда қалады ерке сәт кешегі,
қай жерге қоямыз балдәурен мүсінін.

Өмірің өмір ғой көңілдің тоғында,
қоқыстар көбейді ұқпайтын жан тілін.
Киелі заттарды сақтаған орында,
дәл қазір көресің шараптың сан түрін.

Шаламас курсант пен бикештің гүл кейпін
күзетші бақылар. Әдепті сақтайсың.
Басжазу үшін бір бақырлар іздейсің,
қалтаңнан тесіктен басқа түк таппасың...