Бөтендермен тіл қатыспа, бір-ақ өмір берілген...
* * *
Бөтендермен тіл қатыспа, бір-ақ өмір берілген,
Түспе менсіз метроға, қазір заман өзгерген.
Жолды кесіп өту үшін алдыңды да жүз өлше,
Шығар тұсқа таяу отыр. Көмек шақыр кім ерсе.
Айналаңа көз салып жүр. Қолыңнан шам түсірме.
Және үнемі бақылап жүр ісік жоғын ішіңде.
Анаңмын ғой, қоңырауымды еш жауапсыз қалдырма.
Қымбат киім киіп жүрме училище алдында.
Қысылғанда құла еденге, басыңды жап қолыңмен.
Аузыңды ашпа жат ризыққа, жүр өзіңнің жолыңмен.
Өзгелердің жүгін алма аңғалдықпен ұшаққа,
Қажет болса сапарыңды кейін шегер үш апта.
Қателікке ұрынбағын. Терең барма теңізде.
Шойын люк пен оңай табысты айналып өт тегінде.
Құжатың мен сұйық әйнекті жанған отқа тастама.
Сүңгіге де қарайлап өт, қауіптер бар басқа да.
Азық-түлік қорын сақта. Құпия жер тағы ұста,
Бейбіт елде өмір сүр де, дайын боп жүр соғысқа.
Арт жағыңда кімнің барын сезуді үйрен арқаңмен.
Бала сүйіп бақытты бол, күресе жүріп ортаңмен.