Мінәжат
Шатырды керіп, жүйткиді тыста жел ұлып.
Жан-жағым — түнек, қараңғы қатын — құшқаным.
Кезінде мен де патша едім даңқты, ең ұлық,
талқандап тынды қаһарлы, қаскөй дұшпаным.
Ауада адасып, қолыңды Сенің жол нұсқар
ауғанша іздеймін қаразер түннен, жай таппай.
Кенезе кеуіп, кербұғыдайын болмыс бар
ұмтылар Саған, тұмасын тосар байтақтай.
Ұйқыға шомсам, кіл ғажап түстен есті алар
өңімді үрейлі жек көріп, кермек жұтқам көп.
Түбі жоқ терең, тұңғиық қалмай еш табар,
аялдатпады... Айғайлар ма едім: «Құтқар!» — деп.
Қайтарғын кері байырғы бекзат қалпымды
һәм тірілт, Сенің сөзің ғой тәжі әмірдің!..
Соры қайнаған, қиналған Дәуіт шарқ ұрды
өзегін өртер мейірімінен Тәңірдің.
____________________
* Мінәжат — бұл өлеңде «псалом» ұғымының баламасы ретінде қолданылды.