Трансазиат ақынның өлеңі...
* * *
Трансазиат ақынның өлеңі
Еуропаға жайылғанда күні ертең
естен шығып Вторчерметтің дерегі,
ұмыт болар Свердловскідей гүл өлкем.
Аптап Париж, тым ылғалды Лондон ба,
кім біледі таусыларын дем қайда.
Мен осынау Свердловскідегі қорымға
жетсе деймін жансыз денем қалайда.
Тотықұстай болды ғой деп жасанған
сен ақынға таға берме босқа мін.
Бейнелері мәрмәр тасқа қашалған
жатыр онда менің жақын достарым.
ШРМ-ды бітіргендер көп көшпен,
жамылып ап қасат қарды қырдағы,
жатыр кілең шүйделерін оқ тескен...
Қайта құру жылдарының құрбаны.
Вторчермет пен дүрілдейді күні-түн,
Пластполимер — даңқтары өрлеген.
Альбомды ашып, тұтатады шылымын
базбір әйел мені өмірде көрмеген.
Жарқ ететін жалын атқан пішінде
бейнелерге қарайды ол жақындап.
Мәңгі тірі көк альбомның ішінде
кілең жынды: бандиттер мен ақындар.




