Тері астыңда сенің бойлық омыртқаң күш, нәр алды...

* * *

Тері астыңда сенің бойлық омыртқаң күш, нәр алды,
«Екі» санын таңбалады күнтізбелік өндіріс.
«Мынау өмір — махаббат» деп күңгір етіп кіре беріс қараңғы,
Тән толысып күн санап, тал бойыма толды күш.

Жас қан тулап тамырында жаңа туған пәк жанның,
Акушердің іскер үні өрбітті ойдың ар жағын.
Қарсы ап күнді кір шалмаған қуатымен ағзаның
Чугуевтік қарсы алғандай Курскінің вокзалын.

Сан әскери үйіндіден көтеріліп жер қайта,
Нева Балқан арасымен қабырғалай сақшы өтті.
Не ойлап ем әулиелік ойларымды елге айта
Мәңгілікке керең болмай, көкірегін ел ашса етті?!

Қалаларды шарладым мен сеуіп орман жұмағын,
Сарайлардың салтындағы салтанатты мәнермен.
Өзім үшін кек алдым мен, ызғар сөзбен сыбадым.
Әр таң сайын көкке шапшып, тулап бойдан қан өрген.

Мынау дүние дөңгелек қой, шеңбермен қол байлады,
Мынау өмір махаббат қой, жұлдызында ой-ызғар.
Мен кім үшін өмір сүргем? Керең — вокзал аймағы,
Платформалар сықыр қағып, ессіз жылар пойыздар.