Алып кеме
Алып кеме таң бозарып атқанда,
айналаны түсіріп сұр қақпанға,
Кетуге әзір түтіндетіп айлақты,
Лиссабонға, әлде Лима жақтарға.
Тіл шығарып қалғандарға тұрақта,
мазақ қылу келтірмей ме кір атқа?
Жолаушылар цилиндрлі қалпақпен,
көтерілді маң-маң басып трапқа.
Ауызына аз алса да тобаны,
«Қаймақтарды» кешіруге болады.
Ақын да бар асқақтаған бұл топта,
өз-өзіне үкім кескен жоғары...
Албырт жігіт қуанды бір балаша,
сүйгеніне сөз айтады қаласа.
Бұл кемеден бір каюта табылды,
тек екеуі қала алатын оңаша.
Канар, Азор... бітпес әлі шекарам,
Бермуд, Багам аралдары — кең алаң.
Барады олар дастарқанға аста-төк,
тойлатуға «құдайлармен» тегі адам.
Сезбеді олар сапарлары байланып,
ажал сәті түрғандығын сайланып.
Табанында жатанын мұхиттың,
аспан жақтың тұрғынына айналып...
айналаны түсіріп сұр қақпанға,
Кетуге әзір түтіндетіп айлақты,
Лиссабонға, әлде Лима жақтарға.
Тіл шығарып қалғандарға тұрақта,
мазақ қылу келтірмей ме кір атқа?
Жолаушылар цилиндрлі қалпақпен,
көтерілді маң-маң басып трапқа.
Ауызына аз алса да тобаны,
«Қаймақтарды» кешіруге болады.
Ақын да бар асқақтаған бұл топта,
өз-өзіне үкім кескен жоғары...
Албырт жігіт қуанды бір балаша,
сүйгеніне сөз айтады қаласа.
Бұл кемеден бір каюта табылды,
тек екеуі қала алатын оңаша.
Канар, Азор... бітпес әлі шекарам,
Бермуд, Багам аралдары — кең алаң.
Барады олар дастарқанға аста-төк,
тойлатуға «құдайлармен» тегі адам.
Сезбеді олар сапарлары байланып,
ажал сәті түрғандығын сайланып.
Табанында жатанын мұхиттың,
аспан жақтың тұрғынына айналып...





