Ол бейне бір теңіздің бөрісі...
* * *
Ол бейне бір теңіздің бөрісі. Менімен де, жұбайымен де бір
пәтерде тұрды бөлісіп, біз оған көндігіп кеттік, әңгіме әлем
туралы емес, әйел туралы болатын жер бетілік.
Олардың ұлдары бар еді. Зайыбы менің құрдасым, бірақ
неге екенін ерте мүжілген. Менің бар міндетім оған
жантәніммен берілу еді. Әйелі қарсы болмады, ал ері ақылды, не
шара, шығыстық ертегілердің сарынымен оның миын улап
қойған, ал жары қойдан жуас бейшара. Есіңде ме, Сен онда
кім едің, жолымызды қалай түйістіріп ең? Сенің қанатыңның
астында бұзылған, содан бері әуретін етегімен жапқан,
сүйіспеншіліксіз кембағал, дос пейілсіз жарымжан, безінуі
табансыз, бірақ иісімен еліткен мен тісқаққанды тұзағынан
шығардым, ақыры ажырамастай жабыстым, көнекөздер
айтқандай...
Ол кезде вокзалдағы апа сынды күн кешті ел: қалтасында
билеті бар, түйіншегі жұпыны, көлік қана келмей жатты сәл
кешігіп бүгіннен. Ақыр соңы кеттік ұшып шынайы
бір дірілмен! Үшіншімді көтердім заңды құрсағымда өзімнің,
сонда егіліп жыладым. Қарағайдың иісіне бөккен, тұзды
толқынға піскен, Читиннің ысты ауасымен тыныстаған мен
опасыздық таңбасы басылған, бақытты қосарлы әйелдері бар
сол үйге қайта оралдым.
Оларды жиырма жыл есіме алмап едім. Ол маған не
істейтінімді үйреткен кезде олар бүкіл отбасымен бірге көз
алдымнан кетіп тынды.