Қияр өрім, шыны тор да шырмалған...
* * *
Қияр өрім, шыны тор да шырмалған:
ендігәрі инеліктің денесі,
ол сиқырлы таяқша емес, бұлданған
Паганини елесі.
Жасыл құрақ, билеп тезек түтіні,
естіледі еміс-еміс бір әуен.
Сындырардай аспан деген құтыны,
тебіреніп сала берді мына әлем.
Аспан мен жер арасының жұмбағын,
шешкен сынды кең дүние түрленді.
Музыкамен мың сағыныш бүр жарды
және демі естіледі гүлдердің.
Қияр өрім, шыны тор да шырмалған:
ендігәрі инеліктің денесі,
ол сиқырлы таяқша емес, бұлданған
Паганини елесі.
Жасыл құрақ, билеп тезек түтіні,
естіледі еміс-еміс бір әуен.
Сындырардай аспан деген құтыны,
тебіреніп сала берді мына әлем.
Аспан мен жер арасының жұмбағын,
шешкен сынды кең дүние түрленді.
Музыкамен мың сағыныш бүр жарды
және демі естіледі гүлдердің.





