Нимфа

1

Әлбетте, «Ақ халатты жанның» сөзінің көптігіне дауа жоқ. Тіл мен жағына сүйнген адам. Қайта-қайта классикалық «сатирмэн» туралы айтып, қызбаланып кетеді. Менен әлдеқайда озып, алыстап кеткелі қашан! Сол кездегі «Сатирмэн», «ай кезбе қария», тіпті, әдепсіз «кәрі сатир» да өтіп кетті-ау. Қартайған кезде бұлай болады дейді. (Дәл қазір емделмесең! Есіңнен жаңыласың!) Мейлі, айта берсін. Еңбек етсін! Дәрігердің өз пікірін білдіруге хақы бар. Бірақ менің де оларға көнбеуге құқым бар... Өмір — капитал. Мен сол өмірді сүрдім... Сол өмірді сүруге өзіме рұқсат бердім.

Ақ Халаттының мазасы кеткелі қашан? Неге десеңіз науқастың қан жылаған жүрегіне сенім ұялатады. Қорқыныш аурасы. Науқас отыр... Тоңу... Дәрігермен бірге науқас үстелдің қарама-қарсы жағында отыру тиімді. Мүлдем басқаша!.. Қабырғаларда диаграммалар... Картиналар... Тіпті, живопись... Бұл мен үшін қорқыныш сезімін сейілтуге арналғандай көрініс. Бірақ науқас — менмін. Менің басымнан өткеріп жатқан жайттардың еш ауырлығы жоқ. Ал, қабырғалардағы картиналар мені гипнозға түсіре алмайды.

Дегенмен, мен қазір оның кабинетінде жауласпақ ойдың түбіне шөгіп барамын! Тілсіз әлем, үнсіздік... Мыңдаған, он мыңдаған қарттар кабинеттерінде отырып, қорқыныштан ажал құшуда. Бейшаралар!.. Шыдауымыз керек... Біз адамбыз, өзге көрінбейтін соқыр, құлақ естімейтін керең майданда санамыз үшін күресуіміз керек. Бұл күрес! Күндердің күні дәрігерлердің өзі — бұл Петр Петрович Алабин жай ғана қарт адам еді, бірақ қандай десеңіздерші, — деп таңданатындай болу керек...

— Ал бүгінгі соңғы сұрақ, Петр Петрович... Басы... Бәрі қалай басталып еді? Ол маған үш күннен бері сұрақтар қойып жатыр.

— Не боп қалды? (Мен өтірік жынды болдым. Шаршадым...)

— Біз не жайлы әңгімелесіп отырмыз. Мен қайталап сұрағанды жөн көрмедім.

— Иә, иә... түсінікті... сонда біз не туралы айтып отырмыз?

— Үш күн бойы не айтып жатырмыз? Дәл солай, Петр Петрович, сіз бізге қандай мақсатпен келдіңіз.

Мен ештеңе айтпадым... Мен?.. Не үшін?.. Бірақ мен ауруға шалдықпадым. Дәрігер, сіз өзіңіз айтпап па едіңіз менің жағдайымды жақсы деп. Ал, шынымды айтсам, мен мұнда, сізге (психология және психиатрия кафедрасында) келе алмаған қарттардың қызығушылығымен келдім. Қызығушылықтан... көппен көрген ұлы той, көпшілікпен бір болу үшін. Қарттар жалғыздықты сүймейді, сол үшін.

Кішкене өзіңізге тереңірек үңілсеңіз. Осы мәселені ғана талқылайық, болды (Ішінара сақтық шарасынан тыс).

Дәрігер Недоплёсовтың даусы сәл қатайып кетті:

— Сіз қорықсаңыз, мұнда неге келдіңіз? Қайдан және қалай басталды?

Неден екені түсініксіз... шаршағаннан ба?.. Мен қолымды сілтедім:

— Есімде жоқ, — дедім.

Ол күлді:

— Бұйығы, томаға-тұйық болып қалдыңыз ба?.. Түсіндім, Петр Петрович... Бірінші қарияның азғыруы... Бірінші! Психиатр әйелден алғашқы еркек туралы сұрағандай... Бәрін есіне түсіретін, бәрін білетін сияқты. Бірақ оның сөздері әсер етер емес... Парадоксальды және сонымен бірге өте кең таралған ступор көрінісі!

Ал шын мәнінде, бұл сөздердің иесі мен емес едім. Расымен де есімде қалмағандай.

— Дегенмен, Петр Петрович, сабыр сақтаңыз. Кейбір мәліметтер... Ұсақ-түйектер... Түсініңіз: сіздің алғашқы тәжірибеңіз сіздің тұлғаңыз туралы білімнің күшті шоғырлануын қамтиды. Кодталған білім. Оны сіз де, мен де бірден ұстай алмаймыз һәм болжай алмаймыз...

Әрине, психолог-психиатр науқасты қалай емдеу керектігін әсте біледі. Білсін... Әңгіме барысында бір жерде осы Недоплёсов туралы біреу айтып қалды... Теледидардан көрсетіп, мақтауда. Ақыл-кеңес беруде... Содан кейін менің үлкен жиенім Олежка (дәлірек айтсақ, менің ақылсыз досым) интернетті қопарды. Кездейсоқ осы дәрігерге тап болды.

Сосын шәй іштік. Психиатр Недоплёсов... «Ата, бәлкім, Сізге қызық шығар...?» — деді күлімсіреп. — Естіді ме?.. Олардың нысанасында — қарт адамдар екен. Қариялар дәрігері екен, — деп, Олежка ыржалаңдай жөнелді.

Қызыққаным соншалық мәтінді толық көрсетіп жіберуін өтіндім. Грек мифтері құдды адам психикасының бүтін бөлігіндей, сәнді! Ал, енді танымал дәрігер Недоплёсов туралы айтайық. Ол қарттардың белгілі ауруын әртүрлі мифтердегі сатирдің әлдеқайда танымал мінез-құлқымен салыстырды... Ғасырдан ғасырға жеткен Ұлы суретшілердің ескірген кескіндемелерінде ұйықтап жатқан перілердің үстінен қарайтыны тәрізді... Недоплёсовтің көзқарасымен мифтің сұлулығы мейірімділікке айналған — тіптен, біздің бойымыздағы дүниеге құмарлық дейтін құнсыз қасиет сүйіспеншіліктің тұсында кенеттен ғайып болатынындай көрінді (Христанға дейінгі дөрекіліктің қарсаңындағы ең әдемі мейірімділік дер едім).

Арасында күліп те аласың. Белсенді оқырмандар тарапынан түрлі әрекеттері, өздері ойдан құрар түрлі дүниелері... Ғаламтор келемежі... Еркелеуі... Бірақ, бір қызығы, жас атақтының атындағы «ё» әрпін тентектер де, зиялылар да бірдей келемеждегені. Недоплясов. Недоплюсов. Недоплаков. Мұның бәрі дәрігерген телінген тектер еді. Тіпті, Недописов пен Недопихов та. Менің күлмеске шамам жоқ.

Әдеттегідей ескертулер ойыма ой қосты: қызықты жағдайлары, дәрігермен кеңесулер және тегін дәрістер. Бәрі өзінше ерек.

Недоплёсов кенеттен тіл қатты:

— Сіз әлі-ақ сөйлеп кетесіз, Петр Петрович... Әлбетте, сөйлейсіз... Бүгін, ертең болмаса да, бірақ біз Сіздің әрбір ісіңізді көзден таса қалдырмаймыз. Себебі: біз одақтаспыз, солай ма?

Мен бас изедім.

— Он минут демалыңыз. Сосын — сыныпқа.

Недоплёсов қағазды үстелдің шетіне лақтырып жіберді де, мен туралы жазылғандарды сызып тастады. Уақытты еншілей келе науқасты зерттеп, парақтағы тиісті бағандар мен ұяшықтарды толтырды.

Сол сәтте орнымнан атып тұрдым, себебі дәрігер маған суретті ілуге көмектесу керектігін айтты.

— Иә, Иә. Недоплёсов басқа қағаздан көз жанарын алмай тұр. Қарап тұрып:

— Онда қолдарыңнан келгенше іске кірісіңдерші. Бұл небәрі он-ақ минуты алады. Төртеуің сонда барыңдар... Сосын — сабаққа. Орнымнан тұрып есікке бардым. Табалдырыққа келіп, есіктің тұтқасын бастым, дәрігер дереу дауыстап шақырды. Сол мезетте:

— Петр Петрович, бірден жауап беріңіз... Алғашқы ісіңізді немен байланыстырар едіңіз?.. Ассоциация. Лезде, кез келген бір сөзбен!

— «Боржоми», — деп тіл қаттым.

— Тамаша! Боржоми — елді мекен бе, әлде сусын ба?

— Су.

— Ыммм... Тараңдар, тараңдар!

Дәлізде сенделіп жүргенім сол еді... Неткен қайсарлық!.. Ақпаратты бірден қағып алды!.. Әрине, Недоплёсов менің парағымды қолына алып, шеткі шағына «Боржоми» деп түртіп алды.

Дәлізден қарттардың ішіндегі тартымдысы, мектеп мұғалімі Чижовты көрдім. Қасына таяп барып, мен қазіргі медицинаның даңқы үшін жұмыс істеуге дайынмын, — дедім

— Живопись қайда? Картина қайда?

— Білмеймін. Алып келе жатқан шығар немесе алып қайтып бара ма?..

— Соншалықты ұзақ уақыт па? Меніңше, картинаны көріп жатыр-ау...

Менің әзілдегім келді. Көзім анық жетеді, тамашалап жатыр. Нимфаның шетіне ақырын қолын тигізді.

— Боялғандарын ба? Ол күрсінісін жасырмады.

— Иә, боялғандары... Неге болмайды екен?

Бірақ Чижов әзіл-оспақты аса ұнатпайды. Өте байсалды. Сабаққа мұғалім ретінде үлкен жауапкершілікпен қарайды. Недоплёсовқа да сенім артқан. Өмірге де тым байсалды. Меніңше, оған өмірге деген жаңа көзқарас жетіспейтіндей.

Мүмкін олар ішінара қолдаудың арқасында бірге жұмыс жасайды. Мұғалім де дәрігерді елеусіз қалдыра алмайды.

Ал, мен үшін біздің дәрігер қызығырақ. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Кезекті әңгімесін «қалай болғанда да, бұл түпнұсқа», — деп бастайды Чижов (мұғалімдік жолмен, менің бағаланбаған ойларымның барысын болжап). Маған оның құлаққа ұнамсыз естілетін бұл сөзі ұнамайды: «сатирмэн»... Білесіз бе, ол бұл сөзді өзінің тарапынан жиі қолданады, ғылыми қолданысқа да енгізген... Сіз оның мақалаларын көрдіңіз бе?

— Жоқ.

— Қандай өкінішті...

Чижов сөйлескісі келеді (Дәрігерлерге жүгінсек, бәрі жалғыз. Сондықтан да қарттардың үкіметке деген көзқарасы ерекше).

— «Неге олар Сізді құрмет тұтпады?.. Ал, Сіз, Петр Петрович, «сатирмэн» деген сөзге ренжімейсіз бе? — Мм. — Түсінемін... Көрер көзге де, естір құлаққа да үйреншікті... Неліктен «е» арқылы?.. Қызығырағы, бұл сөздің ағылшынша баламасы қалай көрінетіні... Орысша баламасында барлық сөз «е» әріпінсіз тұл жетімдей: «спортсмéн», «бизнесмéн», «джентльмéн», тағысын тағы кете береді...

Күтпеген жерден оның жан дауысы шықты:

— Недоплёсовтан сұрайын деп едім. Қызыққаным сонша... Жазбалардың өзінен біршама мәліметті көре аласың... Бірақ бойымды үрей билеп, үндемедім. Құдды ол «джентльмен» — мүлдем басқа адам. Ойымнан жаңалдырарлай...

— Иә! Біз де әзілқой шығармыз, бірақ мұғалімге қолдау танытып, жәрдемдесуіміз керек.

— Иә, Сіз бізге джентельмен туралы кең көлемде мәлімет бере алдыңыз. Қазірдің өзінде «Үштік одақ» болып тұрмыз. Дибыкин болса дәлізден есікке қарай аяңдап барады. Кіре салып:

— Ал, қане, ақылгөйлерім, — десті

Оған жауап қатпауға да болады. Бәрі оны ақымақ көретіндіктен, ешкімнің сөзге араласқысы жоқ. Олар бір-біріне қарама-қарсы бетпе-бет тұр. Чижов болса байсалды, ұзын бойлы, арық, сұр сақалды, көзілдірік тағып алған, құдды-бір Ялтадан келген Чеховқа ұқсайды. Әрине мұғалім болған соң өзі туралы да, Чехов туралы да білетіні сөзсіз... Демек, ол — адамдық болмысы биік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген жандардың бірі. Дене тұрпатынан қарағанда оның жанындағы Дибыкинді мықтырақ деуге болады. Бірақ, төртеуміз де бір-бірімізден асып түспесек, кем түспеспіз.

Өз-өздеріне сүйсініп, ерекш күшке басым екендіктері ақыры есіне түсті:

— Кеттік, артқы есікке қарай барыңдар, ақылгөйлер!.. Ха-ха-ха. Картина сол жерде. Картина жетті!

Оның екі езуі екі құлағына жетті... Күлетін не қызығы бар?

Біз артқы есікке барамыз дегенше, картина да жетіп үлгеріпті. Іле-шала картинамен бірге медбике Ариша мен төртінші қариямыз Клюшкин тұр. Жүйкесі тозған қарттардың бірі десем артық етпес. Таңылған қолын көтеріп, бізге қол бұлғайды:

— Онда не істеп жүрсіңдер?! Жүріңдер, сатирмэндер. Картинаны кіргізуіміз керек. Қолғабыс ететін ешкім жоқ.

Біз жетіп келдік. Мен арғы жағынан шығып көтердім.

Мектеп мұғалімі Чижов үнін бәсеңдетіп: «Воутерс... Көшірмеден алынған көшірме», — деді картинаны көре салып. Мұғалім болған соң халық хабардар болуы үшін картина туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Картинаның өлшемі айтарлықтай үлкен, жақтауы ауыр екен.

Ариша қасымыздан қалмай: «Біркелкі алып жүр!», «бұрышын абайла, ей», «ақырын, ақырын, бұл сенің роялің емес!» — деп айқайлай жөнелді. Содан кейін үні естілмеді. Ендігі бастық — Чижов. Ол мектепте бір-екі рет картиналарға қатысты іспен айналысқан болатын. Мұны бәрі біледі. Дәліздің оң жақ қабырғасына картинаны іле алмайтын қарттардан не қайыр?!

Қарттардың ішіндегі ең мықты дегені — Дибыкин. Көзге іліккені сол. Ал, Чижов екеуміз төменгі бұрыштарын ұстаймыз. Картинаны ілгенде жырақ қалған Клюшкин де қол ұшын созды. Ол таңылған қолын сұқ саусағымен сипап қойып, бізге ашулы кейіпте айқай салды:

— Солға! Тағы да солға!.. Чижо-ооов!.. Жаның бар ма өзі?!

Жұмысты бітірген соң, бірнеше қадам артқа шегініп, не әкелгенімізді қарадық. Сол баяғы картина! Осы уақытқа дейін сырын біліп, танымдық тұрғыда таныған картинамыз. Недоплёсов берген сұхбаттарында бір-екі рет мифтерге жарнама жасаған... Франс Ваутерс, XVII ғасыр, майлы бояу, «Сатир және нимфа». Көгалдағы Нимфа... Түсінбейтін несі бар, жалаңаш, ұйықтап жатыр. Кәрі әрі сұмпайы сатир қадамының дыбысын шығармай, жақындап келеді. Міне, таяп қалды. Маңайда жан жоқ. Орман ғана.

Чижовтан білгеніміздей, бұл көшірменің көшірмесі. Түрлі-түсті бояумен алабажақталған (Мәскеу маңындағы Подольск қаласындағы галерея). Бояуын ғана жоғалатпаған, көшіру оңайлыққа соқсын ба, Нифма да өз мәнін жоғалтқан, тіпті, жүдеу, он үш жасар аруды салған дегенге келе қоймас. Мұғалім Чижов маған қарап ішкі ойын жасырмай, қоңыр дауыспен ескерте кекетті: «Картинаның өзін ғана емес тақырыбына да өзгертулер жасау керек еді: «Сатир мен Нимфа» емес, «Сатирсымақ пен Нимфасымақ»», — деп.

— Асимметрия, — дедім жұлып алғандай.

— Ооо, Дәл өзі! — Мұғалім абыржулы. — Сатирсымақтар табиғат-ананың жаратылысын ақтап алады... бір-бірін толықтырып тұрғандай. Жасы ұлғайған сайын осы жағдай басым бола бастайды... «Қотыр атқа соқыр аттың» үйірлігіндей, үйлесімсіз көрініс қой... Мұндағысы асимметриялық тепе-теңдік.

Жақын тұрып, құлақ түрген Дибыкин бізге бір нәрсе ойлап табуға мұрша берер емес:

— Естеріңнен адастыңдар ма!

Біз үнсіз ғана көзіміздің қиығын салдық.

— Ақсақал. Дибыкин қолымнан нұқыды. — Мамандығың қандай?.. Қалай жан бағып жүрсің?

Мен бірден жауап қаттым:

— Саяжай тұрғынымын.

— Мм! — деп күбірледі ол.

Тағы да үнсіз қалдық. Сұлулық адам өміріндегі ерекше құндылықтың бірі. Ал, сол құндылық ашық космоста шлангысы үзіліп кетіп, стансадан ажырап, түпсіз кеңістікке сіңіп жоғалған ғарышкердей күй кешкен адамдардың жанын қараңғылықтан құтқарады.

2

Құмыра мөлдір шыныдай болса, оның тәні сол құмырадағы аппақ сүттей, кіршіксіз таза, ақ көбіктей анық көрінер ме еді... Перілермен кеңістікте байланысқан аспан үрейлендіруден аулақ. Қапырық... Ағаш бұталары...

Зәйтүннің жапырағына түскен сәуле сол жерден жантайып, тыныстауға бекінді. Сол сәулемен жүзіп, көкжиек әлемін шарладым. Есесіне мен биіктіктен перілерді толық көрдім. Олардың денесі ұйқыға шомып жатқан емес. Олардың маңдайынан шындық тағдыры айқай салғандай... Тағдыр шындығынан енді қалай сатирға жол тартпақпыз... Құмдардың арасында жүгіріп өту мүмкін емес. Жүгірудің өзі табандылықты қажет етпей ме?.. Егер Сатир батыл болса...

— Иә, Петр Петрович, ұйықтап қалдыңыз! — деп дәрігер Недоплёсов доcтық қолдауын білдіріп, әңгімеге тарта жөнелді. — Ал, енді қиял әлеміне сапар шегейік. Бірақ, алдымен анықтап алайық: біздің сатир не істейді?.. Ал?

Заман талабына сай психиатр Недоплясовтың сыршыл ойы оптимизмге толы. Сағат таңғы он. Ол қоңыр үнді, көңілді, талапшыл, ең бастысы өзінің тұла бойындағы күшіне сенімді тұлға, бірақ ол бізге — қарттарға сенім ұялата білуі керек. Бұланау-мынау шаруа емес. Өйткені, бірден төрт қария. Көңілдері алаң, түбі жоқ терең құдыққа құлап кеткендей күй кешетін жандар.

— Қараймын, — деп жауап бердім. Басқа не істемекшімін.

— Петр Петрович, нимфа қазір өзіне ер адамның көзі түсіп тұрғанын сезеді деп ойлайсыз ба?..

Петр Петрович өзін-өзі тежеді. Ғажап көркем бейне менің отырған жерімде сал жасайды. Тіпті, сапасыз болса да. Тіпті, жылжымалы экрандағы сабақтан соң жиып қоятын бұлдыр бейнесімен бірге де.

Недоплёсов мені қалдырып, қоңыраулы үнімен Клюшкинге назар аударып:

— Нимфа оған ер адам қарап тұрғанын аңдай ма, әлде, ол мұны нақты біле ме? — деп сұрады.

Клюшкин де әдеттегідей жауап бермеді. Тек ернін тістелеп, ыңылдап отыра берді. Оны тоқтату қажет. Недоплёсов күлді:

— Түсінікті. Түсінікті... Жауап қабылданды!

Қараңғы кабинеттің қабырғасында (экранда) — Рубенс... Сатир жасырынып жатыр, нимфа ұйқыда... Сатир тым жақын қалды, екі қадам жасағаны сол, әлі құрыды-ау деймін, орта жолда тоқтап қалды. Әппақ денесінен көзі қарықты. Бөлінген сызық — шекара сызығындай, екі —ақ қадам жер...

Олардың арасындағы жете алмаған бейтарап аймақ — шекара секілді. Екі қадам... Клюшкин өзімен-өзі аузын кемсеңдетеді...

Сол сәтте:

— Ракусты өзгетіңдер! — деген Недоплёсовтың дауысы мені тағы да есеңгіретіп жіберді.

Біздің кабинет кішкентай болғанымен, әрқайсысымыз бөлек үстелге емін-еркін жайғаса кетеміз. Кезекте — таңғы психотерапия. Ол — жаман ойлары тұңғиыққа сорып бара жатқан төрт қартқа арналған. Бойға үрей туғызатын түс... Орындалмас армандар... Сыныптың оң жақ қабырғасында біз «Үштік одақ» болып отырмыз (оның ішінде мен де бар). Міне, перде тұтқан терезе алдында біреуі тұр (бұл Дибыкин).

Ал, артымызда доктор Недоплёсов, проекторды басқарып отыр. Ол бізге керекті әсем әуендерді сол жерде қосады. Нимфа — бейнелерін өзгертіп, қосу да — соның жұмысы. Арасында пікір айтатыны бар... Сәулесі күңгірт. Экран айдың беті сияқты бұлыңғыр (Ал сурет неғұрлым ақшыл болса, соғұрлым әйел денесі нәзік болады). Суреттердегі сатир да өзгереді. Олар құбыжықтар емес, кеудесіне жан біткен адамдар!..

Дәрігер Недоплёсов «төртеумізге кемістігімізден ұялуды доғарамыз» деп жөнге салып отыр. Қымбатты қариялар! Дүниеде Сіздер білмеген әлі талай нәрсе бар!.. Сол себепті, балалық шақтарыңыздағы жас сәбидің ұяңдық қасиеттерін тастаңыздар. Сіздердің неден ұялатындарыңыз әлемге бұрыннан белгілі. Осы қасиеттеріңізден нағыз психозға ұқсамайсыздар. Адамзат мыңдаған жылдар бойы өмір сүрсе де, таңқаларлық жайт оны толық әйелге ұқсату. Міне, қиындық деген осы емес пе?!

— Көзқарасыңызды өзгертіңіз. Сәт сайын өзгертіңіз. Бізде картиналар мөлшері азғантай!

Дәрігердің ашуына тисек, аямасы анық. Қисынсыз жаттығуларын жасауға мәжбүрлер... Онымен қоса түріңізді де сәл өзгертіңіз... Дәрігер біз үшін бір суреттен мыңдаған әсер алуға болатынын түсіндіруге тырысады. Бір Рубенстен өзіне тең оншақты суретшіні көруге болады Бұл көзқуантарлық көріністер! Әрең дегенде қозғала бастағанда жел гуілдеп кетті. Жапырақтар жерге сыбдырлап түсіп жатыр. Ал, сатир үйге бұтаның арғы жағынан жасырынып кіреді, ол — батыл!.. Дегенмен, Рубенс те — сергек. Ұйқыдағы нимфалар қарар көздің жауын алады, сүттен де әппақ денесі, төсі... сүйкімді кейпі... қарттың көзінің құртындай болып өзіне арбайды...

— Ал мынау Марсий!.. Бұ жөнінен құлағдарсыздар ма, мырзалар, Фригия сатирі — Марсий. Егер естіген болсаңыздар, ол туралы тағы тыңдаңыздар. Біздің Марсий оған лайықты.

Недоплёсов күліп:

— Қараңдаршы, қандай қарапайымдылық, дегенмен, осы саланың маманы емес пе?.. Ол періштеге көзін тастап: Неткен ұялшақ. Неткен ұяңдық! Бұл адам тағдырдың жазуымен осындай дауылды тұрғыза алады деп кім ойлаған?

Марсий күн сайын келіп, әдемі аруларды қызықтайтын.

Талдың бұтақтарының арасынан оның қалай шомылып жатқанын бақылайтын. Алайда, ол жалаңаш судан шыққан бетте, ұялшақ Марсий шетке қарай шегініп кететін. Ғашық сатирдің батылы жетпеді. Жасы да келіп қалған еді... Тек алыстан жасырынып, нимфаның қалай демалып жатқанын, ұйқыға қалай кеткенін бақылап отырды.

Бірде осы төбеде Марсий жүгіріп бара жатып жүріп аяғы бір затқа шалынып сүрініп кеткен еді. Әрине, есіңізде болса, ол — шөп арасындағы сыбызғы еді.

Иә! Оны өзіне ынтық еткізген сыбызғы осы!.. Сатир жотада отырып, сыбызғыны ойнай бастады. Қандай талант десеңізші... Құлақ сүйсінерлік... Алайда, оянады дем үміттенген нимфа бір қозғалмады да. Бұл әйелдерге тән қылық тәрізді. Керісінше, тәтті ұйқыға берілген... Қамыс арасында жел ән салып тұрғандай әсер еткен болар... Ғажайып әуеннен қыздың ұйқысы одан бетер тәтті еді.

Әуен құдіреті... Сол жерде тұратын адамдар әсем әуенге тамсанып жинала бастады. Жиылған кісілер, ауыл адамдары (қарапайым ежелгі гректер) оның әуендеріне сүйсініп: «сатир өзінің ойынымен бәрінен де озды! — деп айғайлады. Ол Аполлоннан да асып түсті! Сол заманның адамдары мұндай таңғажайып сезімді құдаймен салыстырғанды жақсы көретін.

Өкініштісі, оның дұрыс бұрыстығына ешкім мән беріп, ақ-қарасын ажыратып жатпады...

Марсий сатир шешімге бірден келген жоқ. Ол да ойына ерік берді... Бірақ оның жан қалауы: нимфаның өзінің флейтамен ән шырқайтын әдемі кешіне келуі еді. Марсийге жүрегінің қалауы бақыт сыйлады. Келісті. Иә. Қарапайым сатир Құдайдың құрметіне ойнайтын мерекеге келіп, сиқырлы әуенін ойнайды!

Бірақ, нимфа сөзінде тұрған емес. Ізім-ғайым жоқ болды. Басқалардың айтуынша, пайда болған, бірақ шулы орта болғандықтан кенеттен ғайып болды. Оған барлығы қызық еді! Марсийдің қартаң тартқан көздерін жәутеңдетіп, әсем үнін шығарған күннің өзі ізін көрсеткен емес... Сонда да Аполлон фестивалі сәтті өтті. Құдай өзінің ұлылығымен көрінді. Әлдебір сатирдың өнері туралы қауесет оны ызаландырғандай. Бір уақытта қолына сыбызғыны алып, ойнай бастады. Жеңіске жеткендей күй кешті... Жұрттың арсыздығына ашынған Құдай жеңісінен кейін бәріне өзінің кім екенін танытты. Ол Марсийдың терісін жұлып, ғасырлар бойына ағашқа іліп қойды. Оған желдің соққысы аз болғаны ма? Түрлі азаптаулар... Сатирдың терісі жақын маңнан шыққан әр сыбызғының дауысын естіген сайын азап шекті.

Сол уақыттағы жағдай нимфаның тұрағы қай жерде болса да, түсіне еніп отырды.

Ұйқыда жатқан аруды бақылау үшін Недоплёсов дәрігер біздің сол көріністен кейін зәйтүн тоғайында бір болуымызды қалады. Осылайша дәрігер біздің санамызға үлкен мейірім шапағатын төкті.

Кәрі сатир мен жас пері арасындағы жас айырмашылығына ұялатындай ештеңе жоқ. Екіжүзділер әлемі десе де артық етпес (Әсіресе, елуден асқан әйелдер). Ғасырлар бойы суретшілер нимфалық сюжетке таңырқаумен болды. Айтарға сөз таппады! Қылқаламның өзін ұстауға дәттері жетіңкіремеді. Себебі, қылқаламның көрінісіне, оның тылсым күшіне көздері әрең ілесті...

— Қараңдаршы, сендер неткен мықтысыңдар: иә, жүрек, иә, жара... Сызат болған жаралар сол орнында. Мен медбике Аришаға (олар карталарды толтырып жатыр) сендердің әрқайсысыңның жастарың нешеде екенін айтқанымда, ол орындықтан құлап кете жаздады. Гвардияшылар... Сендер әлі де сыр бермейсіңдер! Дибыкин ертең Тайсонды жеңеді. Бірақ, ең бастысы... Ең бастысы, бәріңіздің ғұмырларыңыз ұзақ болғай!

Уақыт өте ол «ұзақ ғұмыр» сөзін біздің санамызға сіңірді.

— Өзін-өзі күтуде қылмыс немесе азғындық жоқ деп ойлаймын... Бірақ...

Недоплёсов ақырында тікелей практикалық қорытынды жасайды. Барлығы біз үшін, қариялар үшін... Аңызды астарлы әңгімеге айналдырды.

— Түсіндіңдер ме?.. Марсий жазаланды. Қоңырау шалғаны үшін жазаланды. Түсіндіңіздер ме, сатир мырзалар? Нимфалар туралы қалағандарыңызша армандауға болады... Түн ортасында түрлі эротикалық фильмдерді де көруге болады. Суреттерде... Жағажайларда... Бір ауыз сөзбен айтқанда жан рахатын сезінуге болады. Әп-сәтте психиатрдың даусы қатайып: — Бірақ... — деп кідіріп қалды да, сәлден соң: Бірақ, талап етпе... Бірақ, дау айтпа... Бірақ, сыбызғыңмен басқаның жылы төсегіне шықпа, — деді.

Дәрігер Недоплёсов слайдты ауыстырады, экранда тағы бір ұйықтап жатқан нимфа... Ал бұл кім?.. Олар қайдан? Бірден екі сатир. Екеуі де қара денелі... Екеуі де демдерін ішіне тартты... Тіптен, жөтелген дауыстарын жел ұшырып кеткендей. Уильям Этти. «Ұйқыдағы нимфа мен сатирлар». 1828, Лондон ұлттық галереясы.

Вазадағы сурет. «Афина және сатир Марсий». Біздің дәуірге дейінгі 5-ғасыр. Аха! Бірақ бұл — біздің бейшара тарих. Бұл Марсийдің шөпті аяғымен басып, сыбызғы тауып алған кезі... Йағни, жарқыраған сыбызғы бастапқыда Афина құдайына тиесілі болған. Бұл басқа біреудің сыбызғысы еді!

Пуссен. «Сатир мен нимфа». 1630. Дәл осы кездегі нимфа ішпыстырарлық. Жалыққан тәрізді. Сатир одан екі-ақ қадам жерде отырған. Қарт кісілерге оларды көруге рұқсат етілді! Қандай ғажайып, ә!.. Бірақ Нимфаға адымдап (екі адым!) жақын болу біздің қарттық жетістікке жеткенімізді білдірмейді. Нимфа оған жәй ғана масаттана қарауға мүмкіндік береді. Кім біледі, бәлкім, сатир масайса, нимфаны қызықтырар. Уақытты еншілеу үшін... — Оған тағы бір шыны сусын бер, Эрот. Ішіп алсын!

Сосын көреміз, көреміз... Қарап тұрсаңыз, біздің көкжиекте Зәйтүн бағының шетінде кем дегенде бір ұсқынсыз батыр пайда болады. Шаршаған, шаң басқан еркек батыр...

— Ракусты өзгерт! — деп айғайлайды Недоплёсов (Мен ұйықтап жатқанда, кез келген дауыс өктем естіледі).

Көзімді рұқсат етілмеген жерлерден аулақ ұстауға тырысамын. Бұйра зәйтүндердің көлеңкесінде ұйықтап жатқан тегіс нимфалардың ақ денесі... Онда не істеуім керек? Менің қатарға қосылуымнан не өзгереді?.. Тағы бір сатирға артады.

Мен сатирмэн емес екенімді білемін. Мен кәдімгі ғашық болған қариямын. Ғашық кейіппен ажал құшатын шығармын. Мейлі, солай-ақ болсын. Көптеген қарт сатирлардың да «мен ғашықпын» деуін көп естіп едім... (Оны да мойындаймын) Солай болсын... Жалпы, асығыстық бізге не үшін керек? Өз басым асығыстықтан аулақпын. Жәй ғана суреттерге қарап, сол көрініске сүйсіне қарап тұрдым. Өнер адамдарына тәнті болдым. Ал, өнердің қасында адам елеусіз қалатынына толық көзім жетті...

Өнердің қасында мен кішкентай ғана тіршілік иесімін... Тіптен, көздің жауын алатын кескінді суретті көргенде, әлемге жаңашылдық енгізуден аулақтандым. Енді маневр жасауға уақытым мүлде жоқ. Шегінуге жол қалмады. Кеудемдегі қан буырқанады, бәлкім, қартайғандығым шығар.

Ж.-Ф.-Ж. Сали. «Ешкісі бар сатир». 1751. Міне!.. Міне, сол жерде сатир өзіне туыс жанды тапты!.. Міне, оған кішкентай төрт аяқты мақұлық. Ал, бұл жас мәрмәр сатир қалай тынышталды. Қандай әдемі? Ол — табиғаттың бір бөлігі. Оның өзі әлі ешкі. Уақыттың еркі болмаса, ол да өзінің балалық шағынан кетпес еді. Жұмақ мекенінен алыстамас еді...

Қоңырау шалып жатыр ма?.. Бірақ ол қоңырау шала ма? Үшеуінің нәзік иегінің бірі шақырып тұр. Беремін бе, бермеймін бе, мәселе мұнда емес. Жауаптың мәнсіздігінің арқасында нимфа үшін де бұл сұрақ көпке созылмады... Басқа жандарға арналды. Нимфаның көзқарасына келсек, түйінді ой жоқ. Оның сыйлар қуанышы бар ма?!.

Сол баяғы орнында әлі жатыр. Тіпті, батырды да күтпейтіндей... Жаңбыр... Жәндік... Аққу... Бұның бәрі көктен нәсіп еткендер! Сатир болсаң ел сенің не айтып тұрғаныңды түсінбейді. Сатир десе естеріне көшеде қалған үйсіз жандар түседі. Ұзақ өмір сүрген бомждар... Сатирлардың (үйлестіру үшін) пәтерлері жоқ. Сатирларда миномет жоқ. Тағы не?.. Дәретхана жоқ па?.. Бұл да қалыпты. Мұнда дәретханалардың толық алаңы мен зәйтүн тоғайы бар... және одан да көп бұталар, бұталар, бұталар...

Сыбырлап (басқаларға кедергі келтірмеу үшін):

— Петр Петрович... Орын ауыстырайық, а?

Бұл — Чижов. Мектептің орнын ауыстыру қажет. Ауысуды мақсат еттім.

Бірақ мен басымды шайқап, жоқ, андағы жер тым тар, — деп сыбырладым (Негізі маған бәрібір, тек тым жалқаумын).

Сол сәтте Чижов Клюшкинге асығады. Себебі: ол оның жанын айтқызбай— ақ түсінетіндердің бірі. Олар бірден орындарын ауыстырады.

Жарайсың! Олардың көздерінде толығырақ келген Нимфаның көрінісі ғана сақталған (Недоплёсов олардың орын алмасқандарын көреді, бірақ пікірін қоспады. Йағни, ол мақұлдайды). Содан Чижов қайта орын алмасу үшін Дибыкинге асығады...

Ол кім? Чижов мұғалім өмірде қандай жан? Жоғары сыныптарда химия пәнінің мұғалімі ме, әлде мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ма?.. Қызық, оныншы сыныпта оқитын қыздың арызынан кейін Чижовты қыздың әкесі соқты ма екен?.. Менің бар ойым бір кездері Чижікті мектептен қуып жібергеннен кет ары емес. Әйтсе де, бейшара сабақ беруді жалғастыруға, алыс сапарға аттануға дайын. Тіпті бұл мектепті басқаға ауыстыруға да... Өйткені, ол өз мамандығын жақсы көреді. Ақ жол!..

Қала маңында бірдеңе етіп жұмысқа кіріп алушы еді. Бірақ оны сол мектептен де қуып жібереді! Мектепте мұғалімдердің біреуі ғана жаз бойы қорқынышты посткеңестік мектеп лагеріне барады. Әлбетте, ол да кетеді. Сосын?.. Ақ шатырлар... Тыныш, жұлдыздары жымыңдаған жылы түн жақындап келеді. Сондай жылы, сондай шуақты жаз! Ресейдегі кештер қандай тамаша... («Күнделікті өмір болса, сенің өмірің қызық емес-ті. Сізді ұрып-соққан жоқ, бағыңыз бар», — деді Недоплёсов бірінші кездесуде. Күнделікті өмір? Мен қатыгез Дибыкиннен келетін түрлі зұлымдықтарды елестете аламын. Бірақ, Чижов... Ұзын бойлы, арық, ақкөңіл, ақ сақалды, әдемі Чижовты қалай жеңеді, Чеховты қалай жеңеді? Көзілдірігін шешіп те үлгерген жоқ қой. Көргенсіздер!

Мектептегі жазғы лагерьлерде айтарлықтай қолайлы жағдай жасалмаған. Лагерь қаланың сыртында болғандықтан, керекті жабдықтар оңтайлы қамтылмаған. Шатырларды жабуға арналған төсеніштердің өзі суық тартады. Бітпес ойық жара іспетті шешімі де табылар емес. Бір күн бір күнмен ұштасып кете береді. Ол жерде не берсе соны жейсің. Чижиков болса, бәрін білгісі келеді. Әйтсе де, ол талпынысы мен қиял ұшқырлығының жетегінде жеке дара шатырларының арасында жасырынғанын елестету бір ғанибет... Ай... Барлығы ұйқы құшағында... Бас ұстаз ғана асығар емес. Кішкене салқындап, шатырдың етегінде ұзақ отырып, кетейін деді... Кенет ұйқыда жатқан қызға көз қиығын салды. Жоқ, жоқ, ол арам ойдың жетегіне ілесуге оның ары жібермеді. Жай ғана қолын созып, оның иығынан бір шөпті алып тастайды...

Менің тоқығаным: зиялы адамның жүрегі зорлықтан емес, реніштен толқиды... Таяқ жеген Чижов та еш қатігез емес, меніңше. Мықтаса, шарасыз шырылдап, әбден айқайлап алады да танауын тартып қойып, бір жылап алары анық.

3

Қапырық... Орманның шет жағында жалаңаш ұйықтап жатқан нимфаға бұталардың арасынан тығылып қарап отырған Марсий болатын. Қорқыныш дендеп, үрей бойын билеп алған. Шеңбердің бойымен бойлап жүре бастаған ол не жақындар, не алыстар емес (Жақындаған жоқ, бірақ алыстар да емес). Кенет байқаусызд Марсийдің аяғы сыбызғыға шалынып, оны аяғымен басып кетті.

Афина құдайы сол сыбызғыны маралдың сүйектерінен жасаған. Таңертеңгі уақытта тек өзі үшін ойнаса, кешке жиналған көпшілік үшін ойнайтын. Сол кеште Афина Гера мен Афродитаның не үшін қатты күлгендерін түсіне алмады. Олар сыбызғының үніне үйлескен ырғақпен биледі. Бұл кештің ауыз толтыра айтатындай көңілді болуының негізі еді. Қызығы, олардың ойыны — Құдайға қуаныш сыйлауы. Әсіресе, вариациялар — желге еліктеуі... Дегенмен, оның әнді әсем орындауын, шетте тұрған екі аруды ұнатпады. Факт дерсің. Қайталанбайтын деталь!

Таң азанда Афина орманның ішкі жағына серуенге шығып, сықылықтап күліп аққан бұлақтың жағасында өзі үшін сыбызғыда әсем әуен ойнады. Болды!.. Тоқтамай ойнағаннан екі беті алмадай қызарып, ісіп, ауа жетпегендіктен беті домбықты. Сыбызғыда ойнау, оның сұлу келбетін бұзып жібергені белгілі болды... Афина сыбызғыны бірден лақтырып жіберді, оны көтерген кез келген адамды қарғады.

Ал бейшара Марсий дыбыс шығаратын затты қолына алды. Ол әуенмен нимфаның көңілін өзіне аударғысы келді, бірақ әлбетте өзінің алданғанын әрең түсінді. Сатирды кешке шақырып, қулықпен алдаған ауыл адамдары екен. «Кел, кел! Бұл сіздің нимфаңыз» деп... Ол келеді...

Мерекені көбірек жарнамалау үшін олар қызықтырып, Аполлонның өзін лирасымен шығармашылық дуэльге шықырды... және Құдай келді. Сатирдың бір түрі? Уф!.. Ал қос флейтаның концерті басталды. Олар күні бойы қараңғы түскенше ойнады. Алайда, жарыс жеңімпазын анықтай алмадық. Тепе-теңдік болды. Екеуін де тыңдағаннан кейін, әділ деген гректердің өзі жанжалдасып, екіге бөлініп кетті.

Міне, сондықтан қапаланған Аполлон Олимптегі бауырластарына жүгінді. Ол шешімді Құдайлардың еншісіне қалдырды. Аполлон болса есікті тарс жауып, Құдайлардан теріс айналды. Олардан қайта есептеу үшін дауыс беруді өтінген жоқ. Негізінен Олимп жігіттерінің өздері де ойланбастан жеңісті оған бергені анық еді.

— Жеңілгендерге қасірет, — деді Аполлон.

Жазалауды бұйырды. Сатирдың терісін тірідей сыпырған... Нимфа да сонда еді. Оның терісін сыпырып жатқанын көре алмай, жазық даланы бетке алып, қаша жөнелді. Тоғайға кіріп, шөпке күмп берді... Осы кезде бейшара Марсийдің терісі гротоға ілінді. Ғасырлар бойы... Міне, олардың байқағаны мынау: суретшінің нәзік терісі ауылдан қарапайым сыбызғы үндері шықса дірілдей бастады.

Бірақ Құдайлар сыбызғыда ойнаған кезде тері қозғалыссыз салбырап қалады.

Дибыкин, өздеріңіз білетіндей — белгілі сатир. Құрметті қария. Ол әлемге күшті адам болып танылған. Бір қызығы: балалық шағын жасыратындардың бірі еді. Ол үшін адамдардың барлығы ересектер тәрізді.

Бағытты өзгертуге бұйрық берілгендіктен, олар оңға және солға ауысады, Дибыкин құдды бір бала секілді, орындығын алып жайбарақат қозғала жөнелді. Ол өмірде бәрі оңайырақ деп ойлайды. Секірген бақадай — бір метр оңға қарай... бір метр алға қарай дүңк, дүңк етіп қозғалады... Оның қимылының өзі құлағымызда шыңылдап тұрғанын түсінген ол жоқ.

Недоплёсов:

— Дибыкин, сен тұяқпен ұрдың ғой...

— Мырзалар, біздің өз кентаврымыз бар.

Дибыкинге әлі жеткен жоқ. Секірген бойда ол сырғанақтағы бай періден көзін алмайды. Енді сол жаққа қарай телміреді.

Ұйқымды аша алмай тұрмын. Айналамда құдайлар, сатирлар, нимфалар... неге кентаврлар емес?.. Терең мағынадағы мифологиялық тұңғиық.

«Барлық дәуірде кентаврлар адам бойындағы ең асқақ сезімдерді тудырған.

Олай емес, Недоплёсов мырза. Тура солай емес... Кейбір танымал емес мифтерге қарағанда, КЕНТАВРЛАР — сұмырайлар (адами бөлігі үшін). Бұл ұмытылмады. Ұмытылар дүние емес. Өткір мінезді британдық Свифт кентаврларға шыдамаған сияқты. Ол күлкілі буданды тағы екіге бөлгісі келді. Оның қалағаны — шындық. Артқа, артқа! Свифт кентаврларды әдемі аттар мен зұлым йехуларға бөлді.

Бейшара Марсийдің терісі туралы сөз болғанда, біздің құдіретті Дибыка иегін біртүрлі қозғай бастайды. Тыныш тұрғанымен, қайратты тістерін қайрай жөнеледі. Бұл оларға бой бермес еді. Ол өз терісін (шын мағынасында) сақтап қалар еді. Оларға ненің не екенін көрсететін еді. Ал, оның өзі осы Аполлонның терісін сыпырған болар еді! Ғасырдан ғасырға өткен дауылдарда кімнің терісі сыпырылатыны әлі белгісіз...

Кенеттен орындықпен бірге еденді айналдырып, кентавр Дибыкин бүкіл сыныпқа айқайлайды. Дауысы жер жарады. Неге екенін бәрімізден де тереңірек түсінген кейіпте:

— Ең бастысы, сыбызғыны баспа!

— Петр Петрович... Ауысыңыз! — Бұл тағы да Недоплёсов.

Мен бірден жауап бермеймін.

— Петр Петрович!

— Ауысамын, ауысамын, — деп көзімді қыстым.

— Әрі қарай не?

Дәрігер Недоплёсов мені басып озды. Сәл ирониямен ол мен үшін сөйлемімді аяқтайды:

— ...Сосын нимфа сені өзі қуа бастайды. Дұрыс па?

— Иә, олар ирониясын жалғастыра берсін... Мені олардың көзқарастарының тез өзгеруі иландырмайды. Айналадағының бәрі есінен ауысқандай. Базар, айырбас жасаймыз дейді. Не оңға, не солға қозғалу мен бағынатын жалғыз өзгерістің бірі.

Бірақ Дибыкин орындығын жалғыз қалдырып, Клюшкин мен мектеп мұғалімі Чижовтың орындарына ауысты. Қазір олар — үшеу. Олар маған не үшін керек? Алға, қарттар! Алға, таусылмас қиялдар! Егер де нимфаға одан да жақынырақ жақындасаңыз, онда Сіз мына үнсіз зәйтүн тоғайының, ұйықтап жатқан шөптің — ұйықтап жатқан жас әйелдің иесісіз.

Олар жылдамдатып орындарын ауыстырады. Клюшкин Чижовпен, мазасыз мұғалім Чижов — Дибыкамен!.. Дибыка — Клюшкинмен және Клюшкин тағы Чижовпен!.. Тоқтаусыз... Жоғарыдан қарасаңыз — ауыстырулардың екпіні одан да қарқынды. Көзге көрінбейтін біреу қарттармен ойын ойнап жатқандай.

Дегенмен, жаңа көзқарас сатирларға ұзақ уақыт қуаныш сыйласа керек. Орындықтан орындыққа (жылыдан жылыға) өзара ауысулар жиілей түсті. Қарттардың көзі жыпылықтап отыр. Алға-артқа... Оңға, солға... Олар орындарын ауыстырып жатқанда, нимфа терезенің жанында еді (жарықтан таңғы сәулеге келді). Ол тым ұзақ отырды. Олар оған: уақыт келді, кетуің керек, — деп әр күн сайын ескертіп отырды...

Көзге көрінбейтіндер жылдамдықты арттырды. Неткен жылдамдық десеңізші... Үшеуі де оның қол астында. Толқулар... Бағытты әрең өзгертті, тағы да өзгерткісі келеді. (Біздің жоқ болғанымыз жақсы болды!)

— Петр Петрович, — деп Чижов сыбырлап шақырды.

Ол орнынан атып тұрып, иығына қолын тигізіп: жүріңіз, орын ауыстырайық, терезенің жанындағы менің орныма барыңыз! — деді.

Мен басымды шайқадым.

Ол да, қоңыр үнімен: — Жүр, жүр, Петр Петрович, Бұл жерде жалғыз көңіліңіз тыншымас. Оның үстіне суықтау, жел үрлеп тұр, — деді.

— Бұл маған мүлдем әсер етпейді.

— Жел соғып жатыр! Болыңыз! — деп мектеп мұғалімі менің психикама табанды түрде қысым жасады.

Қандай ақымақтық. Жел бізге өмір бойы (және оны бәрі біледі) қабырғалардан емес терезеден соғады екен ғой. Дибыкин мұндай абсурдты айта алар еді... Клюшкин де... Бірақ мектеп мұғалімі емес.

Қыңыр Чижов мені отырған орнымнан күштеп түсіре жаздады. Мен біреудің еркіне бағынайын, орнымды өзгерту үшін терезеге барайын, солай болсын... Мен Чижиковтың орнына барып, экранға қарайын — қандай жаңалық? Баяғы мәңгі әдемі және тыр жалаңаш пері... Баяғы жылтыр көгал. Бөтен тоғайлардағы баяғы бұйра зәйтүн ағаштары... Бірақ істейтін ештеңе болмағандықтан (және көретін де ештеңе жоқ) мен перделі кеңістігіміздің саңылауына — терезеге қарадым. Аяулы анашым!

Көрші ғимараттың бірінші қабатында, терезе түбінде — жас қыз ұйықтап жатыр. Тірі!.. Ұйқыға қатты берлгені соншалықты оның иегінен сілекейі ағып жатыр. Жартылай жамылғы жауып алған... Иығы мен кеудесі (жеңіл көрпені айналып өтіп) көз тартарлық. Оның аппақ тізелері ерекше жарқырап, таң қалдырады. Керемет!

Бұл ғимаратта (үш қабат) жөндеу жұмыстары жүріп жатса керек. Үлкен, жуылмаған терезелердің артында қабырғада торлар тұр... Тіпті, құрсауы бар баскетбол тақтасы да көрінеді. Мұның бәрін әлі күнге дейін шаң қауып, тот басқан. Біреу сатып алды деді... Алайда, ғимарат бос. Ал қаңырап бос жатқан ғимаратта қыз түнгі күзетші сияқты. Бізден, он бес-жиырма қадам ғана алшақта жатыр. Тәтті ұйқы құшағында! ... Дибыкин орындығымен қоса терезеге қарай жүгірді! Сол кезде қариялардың бәрі асығып, сол жаққа қарай ұмтылды. Мені де шақырады. Тым ұзақ уақытқа үнсіз қалдың, Петр Петрович!

Қазіргі уақытта жиі кездесетін көрініс: жас қыз түнде өлі ғимаратты күзетеді. Әрине, пенни үшін... Кенеттен мен өз еркімнен тыс қолыммен, саусақтарыммен, тіпті, тырнақтарыммен астымдағы табуретканы ұстап алғанымды байқадым... саусақтарым ауырсынды (Мен көзімді терезеден дисплей экранына, нимфадан нимфаға ауыстырамын). Бойымды қорқыныш биледі. Мен мұнда мәңгілік емеспін. Бұл жерден қазір-ақ қуады.

Әлбетте, жас кезінде қыз әдемі болған шығар. Мені бұл жанды дене мүлде қызықтырмайды. Бәлкім ауа-райының күрт өзгеруінен салқын тиген шығар... Ал шынымды айтсам, тірі нимфа — картинадағы нимфадан жеңілді.

Алайда, ол — тірі. Миымды шағып жіберді... Ол мені оятты. Мен енді ғана сол мекенде болдым. Зәйтүн бағында. Мен ол жерге құстай ұшып бардым! Міне, енді ғана экрандағы нимфаға жан бітті. Нағыз живопись осылай болса керек. Иә, солай. Тоңған жүректі паналамай, дәл осылай соқпақ жолға түсіп секіру қажет (шаңғымен секіргендей).

Бірақ, өмір мен живописьтің қосарлануынан жүрек қысылады. Бұл құмарлықты түсіндіру мүмкін емес. Мен ойға баттым, ал ұйықтап жатқан әйел сәл бұрылды. Оған да таңсық нәрсе бұл (Бағытын өзгертеді). Көрпе де, жайма да сырғып түсті. Құдай-ау... ұйқыдағы бұл қыздың сол жақ аяғында табаны жоқ, көрпенің бұрышы оның бөксесін жауап тұр... Классикалық поза...

Ойыммен тұңғиық әлемге сүңгідім. Көзімнің қиығымен тіреу тұтқасы бар таяқ іздедім. Ештеңе жоқ... Қырағы көз іздегенін тапты. Көзім шарасынан шықты. Мүгедек қыздың протезі алынбалы екен, түнде шешіп қояды. Көз салуға батылың жетпейді. Тым қорқынышты...

Әрине, оған осылай ұйықтау ыңғайлырақ шығар, — деп жанашырлықпен күбірледім, кім білсін.

Ту сыртымнан маған жақындап үлгерді. Асықтырды (көрдің бе, енді орынды босат!).

— Ол жаққа қарамаңыз, — деп ескертті, — қыздың аяғына сәл жоғарырақ қарау қажет. Бүгілуі — ертегі... Сұлулық... Көрдіңіз бе?..Тізенің бүгілуі — ертегідей.

— Түсінбедім... Не? Не дедіңіз?

— Гумилев... Мен емес, — деп жұрттың надандығына ренжіп, күңкілдеді қарт ұстаз, — ақын Гумилевтің сөзі: «Тізенің бүгілуі — ертегідей».