Өлеңге таласпай-ақ әңгіме жаз...
* * *
Өлеңге таласпай-ақ әңгіме жаз,
Ақын көп болғанымен жазушы аз.
Арасында суреттеп раушан гүлді,
Шығармаңнан естілсін бұлбұлдан саз.
Шайырларда әскердің тәртібі бар:
Дей алмаймын «жандарын әркім ұғар»,
Сондықтан да ақынмен дос болмаңдар,
Оларда көңілдің бір салқыны бар.
Жазушыға болады жақындауға,
Оларда мүмкіндіктің сан қыры бар.
Таңғы ауада тек өзі серуендеумен,
Байсалдылық танытып сәл тынығар.
Ақындарда найзағай жарқылы бар,
Ашуланса, қан ойнар қарқыны бар.
Өлеңге таласпай-ақ әңгіме жаз,
Ақын көп болғанымен жазушы аз.
Арасында суреттеп раушан гүлді,
Шығармаңнан естілсін бұлбұлдан саз.
Шайырларда әскердің тәртібі бар:
Дей алмаймын «жандарын әркім ұғар»,
Сондықтан да ақынмен дос болмаңдар,
Оларда көңілдің бір салқыны бар.
Жазушыға болады жақындауға,
Оларда мүмкіндіктің сан қыры бар.
Таңғы ауада тек өзі серуендеумен,
Байсалдылық танытып сәл тынығар.
Ақындарда найзағай жарқылы бар,
Ашуланса, қан ойнар қарқыны бар.




