Үстінде үйлердің, көп үйдің көгінде...

* * *

Үстінде үйлердің, көп үйдің көгінде
көгілдір бұлт көші жұртты осы жүр қамдап...
бұл бізбен бір болмақ өткінші өмірде —
ғасырдан ғасырға төбеде тұрған бақ.

Бу ғана, ақты тек жатты көк оранып.
Аспанның астында — тағдырлы тас қатпар...
ешқашан ешқайда кетпеспіз жоғалып,
берікпіз, нәзікпіз таудан да... Асқақтар!

Көбеміз сөгіліп, көнеміз, көр мүлдем
төңкеріп жер білген танымның барлығын:
бұрылып кел бері, сүй енді ернімнен,
қолды бер, сен менің қасымда қал, күнім.

Қоштассақ, екеуміз сөзге еріп, жоғалып
кетерде алып ұш, өзге жүк жоқ, қара:
бу ғана, ақты тек жатты көк оранып,
ол — анық... көгілдір, ақты тек көкке ора...