Өзенде қалқыған мұздықтар — алданыш...

* * *

Өзенде қалқыған мұздықтар — алданыш,
Мен ұзақ күтіппін жібітер таңды алыс.

Бақытым баянсыз, баянды бір мұңым,
Мен кіммін? Кім ашар жұмбақтың түңлігін?

Жоғалды кенеттен қайық, құм, күй қалмай,
Киноның маңызды бөлігін қиғандай.

Тылсым маң алды екен, Құдай-ау, күш неден?
Таң бұлай басталмай, Күн бұлай түспеген.

Мен қалай бұл жерде дамылдап қаламын?
Үрейлі жапырақ сілкінсе, қарағым...

Сосын мен терекке бір сәтке таянсам,
Волганың тұп-тұнық кешінде оянсам...

Уа, Тәңір! Алдымда ғажайып көрініс,
Көрінсе, үзілер кеудемнен өкініш...