Қасқыр болған кезде — иті Баскервиллдің...

* * *

Қасқыр болған кезде — иті Баскервиллдің,
иығында жүк барын сезгем, тегі...
Қандай ақымақтық — «кемелдігі стильдің»,
қандай тұрпайылық — «мағынаның өзгергені».

Мен тамағымды сілекейлі жақтан қорғаймын,
бірақ, фосфор жақтары жақын келеді.
«Бостандық», — деп сыбырлаймын, «өлгендерге дұға
арнаймын»,
алайда, бәрі жым-жырт, бәрі күрделі.