Дарбазалы ғибадатхана

Судактың қамалында, бастасаң Бас қақпадан, Сол жаққа бұрылғанда, қабырға асқақтаған. Жоғары көтерілсең, байлыққа малынбаған, Көлденең көрер көзге бірден кеп шалынбаған, Аузынан шыққан тісі — зор тірек діңгегі бар Жалғыз бір жарқыраған жартылай күмбезі бар Төбесі сегіз қырлы, келтелеу қайырылған, Құдайдың бір үйі тұр жарқырап айы нұрдан. Аузында әрқашан да бейбіт бір дұғасы бар Бұл жаққа кезегімен сан толқын шын асығар. Мекені — жабайы қыр, маң дала, бұйығы аңғар, Бұл қауым — Мұхамедтің заңына ұйығандар. «Лә илләхә илялла» деп, созып даусын мұңды етеді, Лигурийск иірімі құшағынан үн жетеді. Келімсектің келген жолы — ізгіліктің шырай таңы, Өздерінің «Патэр ностер» дұғаларын нық айтады. Өлген үстеу, көне тілде қайталаудан жалықпайды. «Шма Исраэль» — алыс жақтан қуғын көрген халық та әйгі. Алыс жақтан. Иек артқан жұмар қағаз бүктемеге, Әрбір әрпі таныс көзге, бес саусақтай құтты өнеге. Құрлықтағы кеңістікті осылайша жаулап алған, «Отче наштың» дұғасымен теңізді де баурап алған, Ілмектерге сенім артып, туларға арнап дара пайым; Қаһарлы әлгі Мартиннің де түзу әрі қарапайым жазбалары — құлың үшін «Фатер унзер» ізбасары; Табиғаты бір жаралған Хақ құшағын бізге ашады. Бұзықтыққа мекен болған сонау көне Нұх айлағы Сол аймақтың тұрғындары оны жанның құты ойлады. «Хайр мэрді» нық қайталап, көңілдерге мұң себеді, Ол төменгі саналарға бағынбайтын шын шер еді. Бір кез мұнда бәрі болған, естеліктер жүр адасып, Сегіз — сегіз аралығы, мұражайлар тұрады ашық. Фрескалар, михрабтар, түрлі тілде нелер жазба Қабырғалар мың өрнекті, есік ашық келер жанға. Әр дұғаға Құдай куә, бөле қарау — Оған жат тым, Әрбіріне құлақ түрер ара-дара адамзаттың.