Алыптардың иықтарындағы ергежейлілер
Әр алыптың
уақыты мен құлқы жоқ
ергежейлілерді демеуге.
Мәстектер, бірақ амалын табар
алпауыттарды еркін еңсеріп,
бүтіндей емес, бөлшектеп, бір жағынан шығысып, елеуге:
бауырын көтерсе алыптың —
тамырларымды тұйықтап,
бауырымда отырсың менің, — дер,
ашулы алпауыт ергежейліні отырғызарда иыққа.
Тапал қолдаса өкпесін,
тынысын тарылтып, шалдықтырады шабытын,
дәу мұны демде тастайды иыққа түкіріп.
Тұрады тәштек атлант құсап,
жүрегін жебеп жоянның, сөйлейді сосын жұтынып:
бастысы мұнда — жүрек қарыншасы, —
мұны естіп, жүрегі көтерілген алып
майданы жарыққа шығарып, иыққа атады пақырың.
Көтерген кезде көздің алмасын
тістеп алады көлеңкесін көктің,
құлақ қалқанына сырғып ақырын,
кейін мұхиттың шуын ұрлайды тамшылап,
сүйегін тастар астына тілдің,
жарайды сөзіне бөгет бола алса, тұрғандай таза хал сұрап;
ұйым құрады алпауыт миының құрылымдарына қамқор боп,
ұстамақ сәтте бірігіп,
тырысып бағады ми жарты шарларын соғыстыруға,
қуанып, жатса сол жаққа пен оң жақ ұрынып.
Алыптың иықтарында жиылып барлығып,
иығын сипап, арқасын қағар ананың,
жүрек пен тілдің,
ергежейлілері сананың,
ергежейлілері рухтың — рух та самғайды, биіктігінен
бөтен иықтың тұрса олар сөйлеп, ән шырқап, билеп,
билей бастайсың өзің де
құлаққа ұрып бірлігі саздай сазды ұжым, кернейлеткен кезінде.