Арарат тауында ұйқыда жатыр дейді інжілдік кемелер...
* * *
Арарат тауында ұйқыда жатыр дейді інжілдік кемелер,
Алыста бар дейді Әбілдің бейіті қойылған төбелер.
Көзімді алып қаш төмпешік жерлерден,
Тозаңға тұншыққан шәркейден шерленген.
Көзімді алып қаш сақшыдан кез келген.
Құлағымды алып қаш дабыл мен әскери сөздерден.
Ашуға берілсең, Тасқынсың кейде сен.
Құтқарсаң, Вифлеем дейді екен.
Айт, қайда қарайын, тыншысын назарым,
Қай жаққа қашқанда құтқарам бүгінін баланың.
Болымсыз белгіден байқадым жайыңды:
Ашуың бұрқырап, жүзіңе жайылды.
Кейінгі кездерде маңымнан түйгенім:
Мына Адам — сен жасап шығарған иленім.
Қанша аяп тұрсаң да, қайтадан тірілер,
Жүз жаза кессең де өзгермес бүгін ол.
Е, қайран құс әні, шегіртке шырылы-ай,
Бейкүнә мақұлық та алқапқа жуымай,
Көгеріп гүл атпас қоңыраугүл басын жел шайқаған,
Бұларды жаратып едің ғой. Жайқалтшы қайтадан.
Қара жер сауыты тозды да, рухы күйрелді.
Жас та бар, жасамыс, қосарлап санауды үйрендім.
Бар шығар талқаны шықпаған жасырын бір мекен,
Қолымдағы екеумен қашам деп жүр ме екем?
Құрдымға бата ма, кел дағы жазала.
Көзімді бұр менің беймәлім далаға.
Қай жаққа қарайын? Көрсетші, қане, кел.
Құс сенің қолыңнан ұшады деп уәде бер.