Бір Алланың уысында тозаңдай...
* * *
Бір Алланың уысында тозаңдай,
қайта тусам, пах, Шығыста бозаңдай!
Түндер онда ыстық әрі қаталдау,
тұра бергің келеді ұзақ көз алмай.
Құбылаға қарап бітпес құмарың,
Құдай үйі — тазаланар тұрағың.
Баулыр сені тек жеңіске жетуге,
мекен қылсаң ынтызарлық жұмағын.
Жібек жіптей тарқатылған жылғасы,
о, Бағдаттың көшелері, тыңдашы!
Шебер тілмен жазған алғаш киноны,
мен Синдабтың болар едім юнгасы.
Бір түс көрдім. Мекке жақта мырза түн.
Қара сия қарашықтар тұр жақын.
Ұлықбектің жұлдыздарын қызықтап,
танып қалдым ақсақ әмір сұлбасын.
Бақытымды қайта тауып шалқыдым,
Шираз жақтан кезікші енді, алтыным.
Қалпың жұмбақ ашылмаған кітаптай,
жұпар шашар парақтасам ақырын...
Араб қызы... Сиқыр неткен от жанар.
Қара ағаштай жүрегіңді қақ жарар.
Адал өлім күтіп тұрса алдымда,
сен сұлумен барсам ғана ақталар.
Бір Алланың уысында тозаңдай,
қайта тусам, пах, Шығыста бозаңдай!
Түндер онда ыстық әрі қаталдау,
тұра бергің келеді ұзақ көз алмай.
Құбылаға қарап бітпес құмарың,
Құдай үйі — тазаланар тұрағың.
Баулыр сені тек жеңіске жетуге,
мекен қылсаң ынтызарлық жұмағын.
Жібек жіптей тарқатылған жылғасы,
о, Бағдаттың көшелері, тыңдашы!
Шебер тілмен жазған алғаш киноны,
мен Синдабтың болар едім юнгасы.
Бір түс көрдім. Мекке жақта мырза түн.
Қара сия қарашықтар тұр жақын.
Ұлықбектің жұлдыздарын қызықтап,
танып қалдым ақсақ әмір сұлбасын.
Бақытымды қайта тауып шалқыдым,
Шираз жақтан кезікші енді, алтыным.
Қалпың жұмбақ ашылмаған кітаптай,
жұпар шашар парақтасам ақырын...
Араб қызы... Сиқыр неткен от жанар.
Қара ағаштай жүрегіңді қақ жарар.
Адал өлім күтіп тұрса алдымда,
сен сұлумен барсам ғана ақталар.





