Біләл
Мәскеу мектебінде оқитын жеті жасар шешен бала,
Парталас көршісін бауыздап тастаймын деп қорқытады жас кеуде,
Алақанымен мойнын кескендей ишарат жасап.
Ата-аналар жиынында үлкендер «Қашанғы шыдаймыз?
Ұнамаса басқа кетсін басқа Мәскеуге,
Бұлар кетсе бәле бірге кетеді» деп айқайлайды
тұрғандайын аса қауіпті өткелде.
— Қараңдаршы, жыртқыш сынды осы нақ,
Түкке тұрмас нәрсеге де шатынап
Шыға келеді, сондықтан да балалар
Оны үнемі ауру деп табалар.
— Сені бір күн әкем келіп атады,
— дейді Біләл, өзі арық, семіз бірақ шатағы.
Басқаларға да айт, шуылдаған шибөрі, —
Дейді дағы сәл тарқайды түйнегі.
Шкаф жақта отырып сөйлейді ол тағы да:
— Менің ағам Грозныйда үлкен бүркіт ұстаған,
Оны торға қамап қойып, алдына үйрек тастаған.
— ...Пайда бар ма жиналысқа шешесі кеп жүргеннен,
Ең бастысы білу керек әкесі
баласының сыймайтынын бұл жерге.
— Үйректі ол сүйегіне дейін шоқып, етін қылғытты,
Қанынан түгел ішті, — дейді сонда Біләл мақтан көріп бүркітті.
— Ал тағы бір ағам сиырды атып өлтірді жеу үшін
Аулада үлкен үстел жайды бүкіл көше елі үшін
Бәрі сиырды бірге жеді.
— Бұлай болмайды, —
Дейді аналар моп-момақан шешесіне жеткізген боп сұмдықты.
ал әкелер ләм демей тұншықты.
Асланға бір келгенінде айтармын деп шешесі басын изеп отырды.
Ал Біләлдің көздері — көк өріктей, және де қос тыртықты,
Адамдарға қарағанда ызасы әлгі сиыр секілді.
Екі көзі Біләлдің долы мұңға толып тұрған лайдай
Жалғыз өзі Кавказдың бір бөлігін уысында ұстап тұрған құдайдай,
Қос қолымен қос жанарын аша берді өрескел,
Сонда жанының ауырғаны адамға тән еместей.