Жиегі қара зерменен...
* * *
Жиегі қара зерменен
зерленген мынау ақ пен көк.
Нүкте мен сызық көлбеген,
күлге айналып болды жоқ.
Бүкіл тағдыр күтілген
ұшып кетті түтінмен.
Ұшып кетті сүйікті,
ұшып кетті бүтін дем.
Болмай қалса не бопты?!
Өтті-кетті... қызталақ
Жүз қуанып, өкпең де
үлгереді жүз тарап.
Күні-түні миымды
солқылдатқан бір әуен.
Сағыныштан сарғайып,
сартап болған бір әлем.
Көлбең қағып келбеті,
жанбай қойды дұрыстап.
«Знамя»-ның сол бетін
жыртып алшы уыстап.
Жиегі қара зерменен
зерленген мынау ақ пен көк.
Нүкте мен сызық көлбеген,
күлге айналып болды жоқ.
Бүкіл тағдыр күтілген
ұшып кетті түтінмен.
Ұшып кетті сүйікті,
ұшып кетті бүтін дем.
Болмай қалса не бопты?!
Өтті-кетті... қызталақ
Жүз қуанып, өкпең де
үлгереді жүз тарап.
Күні-түні миымды
солқылдатқан бір әуен.
Сағыныштан сарғайып,
сартап болған бір әлем.
Көлбең қағып келбеті,
жанбай қойды дұрыстап.
«Знамя»-ның сол бетін
жыртып алшы уыстап.





