Қыста қайың көкегі шақырмайды орманда...
* * *
Қыста қайың көкегі шақырмайды орманда,
естелікке саңырау құлақ тостым сол маңда.
Ал, ештеңе, дұға қыл, мен білмеймін, одан соң,
Құдай-ана қайғылы, шапағатшы бол жанға.
Мектеп бардым, дауыс сап өзен тулап жатты алда,
етігімнің нәлімен көпірді кеп соққанда.
Ішектейін тартылып дірілдеген мүгедек,
бәрі әуенге сіңгісі келер жүрек қаққанда...
Өйткені, өмір көк тиын, көк есектің артындай,
өйткені, ұшақ скутерге жүк сияқты артылды-ай...
Ал, жастық па кінәлі, мессершмит пе, медсанбат?
Қыста қайың көкегі шақырмайды, кетші аулақ!
Ақ тақталы көпірден асып бардым мектепке,
өмір ме осы, не өмір, өгей ана көк бетке?!
Бүтін тұрған ал онда, қайда кәне бау-бақша
киномеханик Гулин жүр сөзжұмбақты шешпекке,
музыкалық тәлімгер Тадэң қазір танымал
арқасында футляр баяны жоқ ішінде
кірпіш толған, тыңдасаң, мұның да бір мәні бар:
Ол тән емес, тірі рух керек дейді үшін де
сол «Араның ұшуын» ұстап тұру үшін де,
түсін мейлі түсінбе!
Міне тағдыр! Осында өмір сүру — бетпе-бет,
бәрі сосын біртіндеп қайың жаққа беттемек.
Көкек үн сап, саңырау сағат үнсіз соғады...
Құдай ана, рақым ет — жан қайғыңды төк те кеп!