Кеңестің кезінде гүлдеген...

* * *

Кеңестің кезінде гүлдеген,
Бөртегүл бүгін де бүр жарды.
Мен дағы жолықпай мұңменен,
Жанарым айдында нұрланды.
Ал жазу жайында сұраса,
Сол қағаз, сол шабыт, сол көңіл...
Гүлім де өзгермей тұр аса,
Бұрынғы түсінде қалды өмір.