Тағы да элегия
Шынымен сен бе? Мен 37-ші трамвайдан түсерде
әлгінде болған жердің аялдамасында ойлап ем,
түйіршіктелген жаңбырдан көпір әлі бықсып жатты,
күнді айтудан аулақпын,
Осы маусымға дейін мамыр болды ма, білмеймін,
бұл сен бе едің? Отырғандарды көзіңмен тінте кеп
маған тоқтадың, 37-ші трамвай кенет кідіргенде,
сенің көк плащың түсіп кетті,
бала мойнымды ашып тастап, сол уақытта оянып,
мен де түстім, барған сайын қараңғыда қармана
жүректің дәрісін іздегендей жанталасып,
ауа райын да, күнді де, ең болмаса жыл өткеніне де қарамай,
сен алыста алаңсыз ұйқы құшағына ендің, қол тигізуге именгендер
соңыңнан ақымаққа балады, бір трамвайға мініп үнемі бір-ақ жаққа —
Лефортоваға бұрылу деген... ал, сіздің жол оңға қарай...
Енді сол үшін кімге сонау жылдардың тұңғиығынан қоңырау соғу керек
немесе ұялы телефон? — маңызсыз — егер
болашақты білсең де есінеп жолында тұрма!
Қараңғыда ұйқылы-ояу мен осылай ойладым,
сен болсаң жанымда едің, қасымда және бір бейтаныс —
37-нің әйелі, әлде сен бе — сол әйел? Қасымды тағы бір нәрсе болды,
оны, бірақ, тілмен айтып жеткізу, көзбен көру мүмкін емес,
бірақ, ол болмаса да тұрды,
әйнектен дем алғандай екеуіне де хабар беріп тұрды,
бес саусағын білгендей күнді болжап тұрды,
римдік, римдік емес элегиялардың заманы өткен,
уақыт таңның түннен қысқа екенін күтеді,
бірақ, мен сенің жүзіңді және сұрланған
храмды көргенде, сенесің бе,
қымбаттым, тамырымда соғып жатқан шаршаңқылық, жылдар,
қажу, кәрілік пен аурудың бәрі басылады,
тек соларға қарсы шашыңның иісі ғана шашылады,
қараңғы күннің бетпердесіндей оларды білдірмей кесіп тастайтын
қасиетті кітап-тұмардай, ол иіс кеткенше сол кітаптың
күш-қуатын ұстап тұрады,
жұтасың да өсиет сияқты кейінге қалдырасың, өлеңдей
есіліп тұрса да, бір рет оқымағансың, ол бәрі бір жұмбақ және
өзіне өзі ақырет, оған әлгі бетбелгі ешқашан жете алмайды,
өйткені ақыреттің әр жағы шексіздік, сөз жоқ, бұл бос қайнаған мидағы
депрессия: кеш кездестік, ә?
әйтеуір бірақ кездестік қой, жолдас Сталин айтпақшы, махаббат
ондайдың бәрін жеңеді және бір сенім бар, біздің басшылар қырсық емес,
сонда өз төсегіңде өз ажалыңмен өлесің,
несі артықшылық емес, алда тағдырлы құрдым болмаса,
мырза, сіз мұнда нағып келдіңіз, нағып маған мүмкіндік бердің,
Міне, саябақтарыңыз қуарды, келіңіз,
Сізге тұзақ құрдым — мұнда не бар, ор емес пе? —
Құрбым бірақ өзіммен, таңертең сен оны оятпа, ол тәтті ұйықтап жатады,
Тағы да трамвай жүріп кетті