Француздарды жақтырмаймын, өркөкірек көңілінен...
* * *
Француздарды жақтырмаймын, өркөкірек көңілінен,
Арабтарды жақтырмаймын, діншіл, сыншыл өмірінен,
Еврейлерді жақтырмаймын, өз қамын көп ойлағаннан,
Ағылшынды іш пыстырар енжарлық көп жайлағаннан.
Немістерді қатыгездік, қаталдығы үшін,
Итальянды беймезгілде «адалдығы» үшін,
Орыстарды ащы суды шектен асып, ішкендіктен,
Испандарды ақымақтың теңізіне түскендіктен,
Солтүстіктің ұнатпаймын кішігірім халықтарын,
Қолдан жасап, күңгірттеген өз-өзінің жарық таңын.
Оңтүстіктің ұнатпаймын сөзін, өзін, тамырын да,
Менің ойым сыймайды рас, дүниедегі бар ұғымға.
Өлеңімді аударма сен, тәржімашы, өтінемін,
Шабытымды ұстай алмай, тым асырып кетіп едім,
Түріктердің қанжары да, қаранәсіл билері де,
Ұнамайды мына маған, дабылы да, күйлері де,
Неге мұны бәзбіреудің еншісіне баладық біз?..
Жүр, аралап қайтайықшы табиғатты, қалалық қыз...