Ақымақ сауалдар
Қызық қой —
алшақтағанда бір-бірінен ғаламдар,
себеп болды ма қорқыныштар мен алаңдар?
Динозаврлар қырылып қалды ма расында,
тек жетпеу үшін
танкілер үстемдік құрған ғасырға?
Рас сөз бе,
маймылдың адамға айналғандығы
полицияның жасырын қадағалауымен, белгі сап бас-көзге?
Хақ па екен,
Хауаның ізгілік пен зұлымдық танымының ағашынан
жеміс жұлғаны, кенеттен көзіне көрінген соң жат мекен,
елестеген соң бақ бөтен?
Миллиондардың
миллиардтарға қарызы екені жалған ба,
миллиардтар мыңдар үшін барлығына да барғанда?
Батып кетпеп пе еді Атлантида жарықтық,
билеуші таптары тойғанда,
Архимед заңдарын еш елемей қойғанда?
Табиғатта терең тылсым көп,
Жаратушы жан бергенде адамға нәсіп еткен шығар мына мөлшерді,
қанағат тұтып қашықтықтағы өлшемді,
«жексұрын микробтардан алыстау жүрсін» деп,
«жарқырауық, жәдігөй жұлдыздардан да шалғай тұрсын» деп?!
Ақымақ сұрақтарымызбен зор дәмелі боп жүрміз, сірә, бекер біз,
ақылды жауаптарға қашан қарық болар екенбіз?