Михаил Елизаров

Михаил Юрьевич Елизаров (1973 ж. т.) — прозашы, ақын, әндердің автор-орындаушысы. «Ұлттық бестселлер» (2020) және «Орыс Букері» (2008) сыйлықтарының лауреаты, Григорьев поэзия сыйлығының иегері.
Ивано-Франковскіде дүниеге келген, Харьковте өскен. Харьков университетінің филология факультетін бітірген. Телевизияда оператор болып жұмыс істеген. Харьков мемлекеттік мәдениет институтының телережиссура бөлімінде және Ганновердегі кино мектебінде оқыған.
Михаил Елизаровтың «Тырнақ» атты алғашқы кітабы 2001 жылы басылып шықты. «Pasternak», «Кітапханашы», «Мультфильмдер», «Жер» романдарының, «Шылым шегіп келуге 17 жылға шығып кеттік» әңгімелер жинағының және басқа да кітаптардың авторы. Елизаров шығармашылығы, сыншылардың пікірінше, «постмодернистік және реалистік тәжірибелердің шегінде тепе-теңдік ұстайды»(Денис Юрьев).